Алакөл ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер арналған базалық салықтық мөлшерлемелерін арттыру туралы

         Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 503 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, Алакөл  аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1.Алакөл ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге арналған базалық  салықтық мөлшерлемелерін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 509 бабының 5- тармағына сәйкес 10( он) есеге арттырылсын;

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл аудандық мәслихаттың «Депутаттық өкілеттік, бюджет, экономика, заңдылықты сақтау, құқықытық қорғау және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін;
  2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап қүшіне енеді.

 

 

 

 

 

Алакөл аудандық мәслихатының                         Алакөл аудандық

сессия төрағасы                                               мәслихат хатшысы

  Қ.Абдрахманов___________                               С.Р.Жабжанов________                

 

Дата публикации
23 ноября 2020