Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қалалық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну басталды
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2025 жылғы 23 қарашада Үшарал қалалық округі әкімінің сайлауы өтеді.
2025 жылғы 15 қазанда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үшарал қалалық округіне 2025 жылғы 23 қарашаға сайлау тағайындады. Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылған және аудандық «Alakol» газетінде жарияланды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 8 учаскелік сайлау комиссиялары, 69 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді.
2025 жылдың 16 қазанынан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2025 жылдың 28 қазандағы жағдай бойынша 4 кандидат ұсынылды – 4 - өзін-өзі ұсыну жолымен.
Үшарал қалалық округі әкіміне кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 28 қазан сағат 18-00 дейін жалғасады.
Алакөл аудандық сайлау комиссиясы