Алакөл ауданының денсаулық сақтау саласының 2025 жылдың
8 айында жасалған жұмыстар туралы
АҚПАРАТ
Аудан тұрғындарына орталық аудандық ауруханасы, Қабанбай ауылындағы бөлімшесі, Достық ауылдық ауруханасы, 14 дәрігерлік амбулатория, 10 фельдшерлік-акушерлік пункт және 12 медициналық пункттері медициналық көмек көрсетеді.
Ауданда 139 дәрігер мен 566 орта буын медицина қызметкерлері 63 657 тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді (201 адамға азайды өткен аймен салыстырғанда).
Дәрігерлік кадрлардың тапшылығы 14 маман құрайды: анестезиолог-реаниматолог-2, хирург -1, эндокринолог-1, офтальмолог-1, функциональдік диагностика дәрігері-1, отоларинголог-1, акушер-гинеколог-2, жалпы тәжіребелі дәрігер-1, невропатолог-1, педиатр – 1, травматолог – 2.
01.08.2025 ж. аудандағы барлық халық саны - 63 657 адам. Тіркелген тұрғындардың ішінде 30 779 әйелдер.
15 жасқа дейін балалар саны – 18 665
1 жасқа дейін – 913
5 жасқа дейін – 5 899
Жасөспірімдер саны – 3 312
Ересектер барлығы – 41 680
Әйелдердің саны – 30 779
Бала туатын жастағы әйелдердің саны – 12 524
Жүкті әйелдердің саны – 444.
Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы 21 қарашадағы №477-Н «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек желісін қайта ұйымдастыру туралы» бұйрығы негізінде, Қазақстан республикасы ДСМ №ҚР ДСМ-59 «Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативын бекіту туралы» бұйрығын орындау және ҚР 2022 жылғы 30 маусымдағы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде ауданда 5 дәрігерлік амбулатория фельдшерлік-акушерлік пункт болып қайта құрылды: Қамысқала, Жанама, Сапақ, Үшбұлақ, Қызылқайын ауылдарында және Ынталы ауылындағы медициналық пункт фельдшерлік-акушерлік пункт болып қайта құрылды. 4 медициналық пункт жабылды: Жүнжүрек, Шымбұлақ, Майқан, Айпара ауылдарында. Сонымен бүгінгі күнге ауданда 38 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетеді- 1 аудандық орталық аурухана, 1 ауылдық аурухана, 14 дәрігерлік амбулатория, 10 фельдшерлік-акушерлік пункт, 12 медициналық пункт.
2024/2025 жылдардың 8 айдағы демографиялық және денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіштері:
Туу көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда – 18,41-ден 11,6-ға дейін төмендеді (2024ж-802, 2025ж -493). Тамыз айында 61 бала дүниеге келді
Жалпы өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда – 7,5-тен 7,2-ге дейін төмендеді (2024ж-327, 2025ж- 307). Тамыз айында 40 адам қайтыс болды.
Халықтың табиғи өсуі - 10,9-дан 4,4-ке дейін төмендеді (2024ж-475, 2025ж - 186).
Бір жасқа дейінгі балалар өлімі 1000 тірі туған нәрестеге 6,23 -тен 6,08 -ге дейін төмендеді (2024 ж - 5 жағдай, 2025 жылы – 3 жағдай).
Қан айналым жүйесінің ауруларынан өлім көрсеткіші 192,8-ден 106,03 -ке дейін төмендеді (2024-84, 2025-45).
Қатер ісік ауруларынан өлім көрсеткіші көрсеткіші 68,9-дан 61,03-ке дейін төмендеді (2024- 30, 2025-26).
Туберкулез ауруынан өлім көрсеткіші 100%-ға төмендеді: 2,3 -тен 0-ге дейін төмендеді (2024-1, 2025-0). Өлім тіркелген жағдай жоқ.
Қатерлі ісік ауруымен сырқаттану 176,8-ден 193,2-ге дейін өсті (2024ж-77, 2025ж-82), оның ішінде 0-1 сатыда анықталған қатерлі ісіктер үлес салмағы 2024 ж – 20,8%, 2025 жылы – 28,04%.
Жарақаттардан, оқыс оқиғалардан және уланудан болған өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 13,9%-ға төмендеді: 96,4 -тен 82,5 -ке дейін төмендеді (2024ж- 42, 2025ж-35).
Туберкулезбен сырқаттану 91,8 -ден 65,98 -ге дейін төмендеді. (2024-40, 2025-28).
Қаңтар айында 3 жағдай тіркелді: Үшарал қаласынан 1 ер адам, 23 жаста, МБТ (+), жұмыссыз, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады, Ақжар а/о-нан 1 ер адам, 66 жаста, МБТ(-) зейнеткер, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады, Қамысқала а/о-нан 1 ер адам, 64 жаста, МБТ (-) зейнеткер, өзі келіп қаралған кезде асқынған түрімен ауру анықталады.
Бруцеллезбен сырқаттану (2024 ж-10, 2025 ж-8).
Флюорографиялық тексерістен 2025 жылдың 8 айында 11 999 адам өтті (2024 жылы- 9 568 адам). Манту сынамасына 5 055 бала тексерілді (2024 ж. – 4 770), бактериоскопиялық әдіспен туберкулез ауруы анықталғаны – 8 (2024 ж. - 11), Манту сынамасы арқылы - 6 (2024 жылы - 0), профилактикалық жолымен туберкулез ауруы анықталғаны 16 (2024 ж. - 16), каралу кезінде 12 (2024 ж. - 24).
Емхана, амбулаторияларға бару саны 262 340 -тан 231 590 –ға дейін төмендеді, дәрігерлердің үйге бару саны 18 066 - дан 10 827 –ке төмендеді.
Ауруханаларда 2025 жылдың 8 айында 6 531 адам емделіп шықты, 52 адам қайтыс болды (2024 – 7 249 адам емделіп шықты, 74 адам қайтыс болды). Күндізгі ауруханаларда 2025 жылдың 8 айында 1 774 адам емделді (2024 – 1 906). Ауруханада өлім көрсеткіші 1,0-ден 0,8-ге дейін төмендеді (2024-74, 2025-52). Аурудың орта есеппен жатқан күні бір деңгейде - 7,0, төсек күнінің орындалғаны 92,3%-ден 81,5%-ке дейін төмендеді
Директор А.Бутабаев