Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Жетісу облысы, Алакөл ауданының ӘКIМДIГIНІҢ

ҚАУЛЫСЫ

 

2025 жылғы_______________                                                       Үшарал қаласы

№ _____

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

            Қазақстан Республикасының  Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 27 наурыздағы №32-01-12/370-И хаты негізінде Алакөл ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алакөл ауданы Жаманты өзенінде су қоймасын салу үшін жер учаскесін иеліктен шығаруға байланысты «ЖабыкГидроРесурсы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен, Алакөл ауданы, Ырғайты ауылдық округі, Жаманты өзенінде орналасқан (кадастрлық нөмірі 03-255-058-231) жалпы көлемі 17,5 га жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулы ресми жарияланған күнінен үш айдан ерте болмауға тиіс.
  3. Алакөл ауданы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алакөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  4. «Алакөл ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген тәртіппен жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды қабылдасын.
  5. Келісім рәсімдері мына мекен жай бойынша: Үшарал қаласы, Қабанбай көшесі, 104 үй, Алакөл ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімімен жүргізілсін.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.М.Қабаевқа жүктелсін.       

                  

Аудан әкiмi                                                             А.Абдинов

 

 

 

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Дата публикации
21 августа 2025