Алакөл ауданының денсаулық сақтау саласының 2025 жылдың 7 айында жасалған жұмыстар туралы АҚПАРАТ

         Алакөл ауданының денсаулық сақтау саласының 2025 жылдың

7 айында жасалған жұмыстар туралы

АҚПАРАТ

 

Аудан тұрғындарына орталық аудандық ауруханасы, Қабанбай ауылындағы бөлімшесі, Достық ауылдық ауруханасы,  14 дәрігерлік амбулатория, 10 фельдшерлік-акушерлік пункт және 12 медициналық пункттері медициналық көмек көрсетеді.

Ауданда  134 дәрігер мен 571 орта буын медицина қызметкерлері  63 858 тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді (147 адамға азайды өткен аймен салыстырғанда).

Дәрігерлік кадрлардың тапшылығы 14 маман құрайды: анестезиолог-реаниматолог-2, хирург -1, эндокринолог-1, офтальмолог-1, функциональдік диагностика дәрігері-1, отоларинголог-1, акушер-гинеколог-2, жалпы тәжіребелі дәрігер-1, невропатолог-1, педиатр – 1, травматолог – 2.

01.08.2025 ж. аудандағы барлық халық саны - 63 858 адам. Тіркелген тұрғындардың ішінде 30 861 әйелдер.

15 жасқа дейін балалар саны – 18 751

1 жасқа дейін – 902

5 жасқа дейін – 5 935

Жасөспірімдер саны – 3 386

Ересектер барлығы – 41 721

Әйелдердің саны – 30 861    

Бала туатын жастағы әйелдердің саны – 12 578

Жүкті әйелдердің саны – 464.

Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы 21 қарашадағы №477-Н «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек желісін қайта ұйымдастыру туралы» бұйрығы негізінде, Қазақстан республикасы ДСМ №ҚР ДСМ-59 «Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативын бекіту туралы» бұйрығын орындау және ҚР 2022 жылғы 30 маусымдағы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде ауданда 5 дәрігерлік амбулатория фельдшерлік-акушерлік пункт болып қайта құрылды: Қамысқала, Жанама, Сапақ, Үшбұлақ, Қызылқайын ауылдарында және Ынталы ауылындағы медициналық пункт фельдшерлік-акушерлік пункт болып қайта құрылды. 4 медициналық пункт жабылды: Жүнжүрек, Шымбұлақ, Майқан, Айпара ауылдарында. Сонымен бүгінгі күнге ауданда 38 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетеді- 1 аудандық орталық аурухана, 1 ауылдық аурухана, 14 дәрігерлік амбулатория, 10 фельдшерлік-акушерлік пункт, 12 медициналық пункт.

2024/2025 жылдардың 7 айдағы демографиялық және денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіштері:

Туу көрсеткіші 1000 тұрғынға  шаққанда – 18,45-тен 11,6-ге дейін төмендеді (2024ж-704, 2025ж -432). Шілде айында 64 бала дүниеге келді

Жалпы өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға  шаққанда – 7,4-тен  7,2-ге дейін төмендеді (2024ж-283, 2025ж-267). Шілде айында 41 адам қайтыс болды.

Халықтың табиғи өсуі  - 11,03-тен 4,4-ке дейін  төмендеді (2024ж-421, 2025ж - 165).

Бір жасқа дейінгі балалар өлімі 1000  тірі туған нәрестеге 5,7-ден 5,4-ке дейін төмендеді (2024 ж - 4 жағдай, 2025 жылы – 2 жағдай).

  • Қаңтар, ақпан, наурыз айларында 1 жасқа дейін бала өлімі тіркелген жоқ.
  • Сәуір айында 2 бала өлімі тіркелді - Балапанов ауылынан 10 айлық бала басқа нақтыланған хромосомалық ауытқуларынан қайтыс болды; Үшарал қаласынан 5 күндік сәби облыстық перинаталдық орталығында нәрестедегі тыныс алудың бұзылу синдромынан қайтыс болды.
  • Мамыр, маусым айларында 1 жасқа дейін бала өлімі тіркелген жоқ.
  • Шілде айында 1 жасқа дейін бала өлімі тіркелген жоқ.

Қан айналым жүйесінің ауруларынан өлім көрсеткіші  48,78%-ге төмендеді:  209,7-тен 107,4-ке дейін төмендеді (2024-80, 2025-40).

Қатер ісік ауруларынан өлім көрсеткіші  13,2%-ге төмендеді:  68,1-ден 59,05-ке дейін төмендеді (2024-26, 2025-22).

Туберкулез ауруынан өлім көрсеткіші 100%-ға төмендеді: 3,1-ден 0-ге дейін төмендеді (2024-1, 2025-0). Өлім тіркелген жағдай жоқ.

Қатерлі ісік  ауруымен сырқаттану  28,9%-ға көбейді: 162,5-тен 209,4-ке дейін өсті (2024ж-62, 2025ж-78), оның ішінде 0-1 сатыда анықталған қатерлі ісіктер үлес салмағы 2024 ж – 17,7%, 2025 жылы – 24,4%.

Жарақаттардан, оқыс оқиғалардан және уланудан болған өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда  9,3%-ға өсті: 78,6-тен 85,9-ке дейін көбейді (2024ж-30, 2025ж-32).

Туберкулезбен сырқаттану  29,9%-ға төмендеді: 99,59-тен 69,8-ге дейін азайды. (2024-38, 2025-26). 

  • Қаңтар айында 3 жағдай тіркелді: Үшарал қаласынан 1 ер адам, 23 жаста, МБТ (+), жұмыссыз, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады, Ақжар а/о-нан 1 ер адам, 66 жаста, МБТ(-) зейнеткер, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады, Қамысқала а/о-нан 1 ер адам, 64 жаста, МБТ (-) зейнеткер, өзі келіп қаралған кезде асқынған түрімен ауру анықталады.
  • Ақпан айында 3 жағдай тіркелді: Үшарал қаласынан 1 ер адам, 49 жаста, МБТ (+), жұмысшы, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады, Достық а/о-нан 1 ер адам, 48 жаста, МБТ(+), жұмысшы, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады, Жыланды а/о-нан 1 ер адам, 17 жаста, МБТ (+) жасөспірім, өзі келіп қаралған кезде асқынған түрімен ауру анықталады.
  • Наурыз айында 3 жағдай тіркелді: Үшарал қаласынан 1 ер адам, 18 жаста, МБТ (+), әскери борышын өтуші, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады; Тоқжайлау а/о-нан 1 ер адам, 51 жаста, МБТ(+), жұмыссыз, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады, 1 әйел адам, 48 жаста, МБТ (-), жұмысшы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған.
  • Сәуір айында 3 жағдай тіркелді: Қазақстан а/о-нан 1 әйел адам, 77 жаста, МБТ (-), зейнеткер, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады; Тоқжайлау а/о-нан 1 ер адам, 61 жаста, МБТ(-), жұмысшы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған, 1 ер адам, 46 жаста, МБТ (-), жұмысшы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған.
  • Мамыр айында 2 жағдай тіркелді: Ынталы а/о-нан 1 бала, 13 жаста, МБТ (-), оқушы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған, Казақстан а/о-нан 1 бала, 8 жаста МБТ (-), оқушы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған.
  • Маусым айында 6 жағдай тіркелді: Үшарал қаласынан 2 адам, оның ішінде 1 жасөспірім 15 жаста, МБТ (-), оқушы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған, 1 бала 3 жаста,  МБТ (-), профилактикалық тексеріс кезінде анықталған; Қабанбай а/о-нан 2 адам, оның ішінде 1 бала 6 жаста, МБТ (-), оқушы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған, 1 әйел адам 55 жаста, МБТ (-), жұмысшы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған;  Екпінді а/о-нан 1 ер адам, 58 жаста, МБТ (-), жұмыссыз, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған; Теректі а/о-нан 1 ер адам, 55 жаста, МБТ (+), жұмысшы, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады.
  • Шілде айына 6 жағдай тіркелді: Үшарал қаласынан 4 адам, оның ішінде 2 жасөспірім, 13 жасар МБТ (-), оқушы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған, 17 жасар МБТ (-), оқушы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған, 1 әйел адам 85 жаста, МБТ (+), зейнеткер, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады, 1 ер адам адам 53 жаста, МБТ (-); Казақстан а/о-нан 1 жасөспірім, 13 жаста МБТ (-), оқушы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған;  Достық а/о-нан 1 жасөспірім, 17 жаста, МБТ (-), оқушы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған

 

Бруцеллезбен сырқаттану (2024 ж-7, 2025 ж-7). 

  • Қаңтар айында бруцеллез ауруы тіркелген жоқ.
  • Ақпан айында 2 жағдай тіркелді - Қызылқайын ауылынан, 1 бала, Қабанбай ауылынан, 1 ересек.
  • Сәуір айында 3 жағдай тіркелді: Кабанбай ауылынан 2 адам, Лепсі ауылынан 1 адам, үшеуі де ересек.
  • Мамыр айында бруцеллез ауруы тіркелген жоқ.
  • Маусым айында 2 жағдай тіркелді: Қайнар ауылынан 1 адам, Қызылқайын ауылынан 1 адам, екеуі де ересек.
  • Шілде айында бруцеллез ауруы тіркелген жоқ. 

 

Флюорографиялық тексерістен 2025 жылдың 7 айында 8327 адам өтті (2024 жылы-6863 адам). Манту сынамасына 5055 бала тексерілді (2024 ж. – 4760), бактериоскопиялық әдіспен туберкулез ауруы анықталғаны – 8 (2024 ж. - 10), Манту сынамасы  арқылы - 6 (2024 жылы - 0), профилактикалық жолымен  туберкулез ауруы анықталғаны  14 (2024 ж. - 15), каралу кезінде 12 (2024 ж. - 23).

Емхана, амбулаторияларға бару саны 182 909 -ден  206 523 –ке дейін көбейді,  дәрігерлердің үйге бару саны   10 354-тен 10 472 –ге көбейді. 

Ауруханаларда 2025 жылдың 7 айында 5 810 адам емделіп шықты, 49 адам қайтыс болды (2024 – 6 405 адам емделіп шықты, 66 адам қайтыс болды). Күндізгі ауруханаларда 2025 жылдың 7 айында  1 515 адам емделді (2024 – 1 694). Ауруханада өлім көрсеткіші 1,0-ден 0,8-ге дейін төмендеді (2024-66, 2025-49). Аурудың орта есеппен жатқан күні бір деңгейде - 7,0, төсек күнінің орындалғаны 93,7%-ден 82,8%-ге дейін төмендеді

 

 

     Директор                               А.Бутабаев

                                                                                                                        

Алакөл ауданының денсаулық сақтау саласының 2025 жылдың 7 айында жасалған жұмыстар туралы АҚПАРАТ
Дата публикации
08 августа 2025