Алакөл ауданы әкімі аппаратынын лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және занды тұлғалардын өкілдерін жеке кабылдауының регламентін бекіту туралы
«Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару жэне өзін-өзі баскару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына «Орталық мемлекеттік органдардын және облыстардын, республикалык маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке кабылдауының үлгілік регламентін бекіту. «Облыстардын, республикалык маңызы бар қалалардың жане астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардын өкілдерін жеке кабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалык маңызы бар қалалардын және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді карауды бакылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №560 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 қаулысына сәйкес Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Алакөл ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке кабылдауының регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Сатыбалдиевке жүктелсін.
Аудан әкімі А.Абдинов
Алакөл ауданы әкімінің
2025 жылғы «___»_____
№____ қаулысына қосымша
Алакөл ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарынын жеке тұлғаларды және занды тұлғалардын өкілдерін
жеке кабылдауынын регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
- Алакөл ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке кабылдауының регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазакстан Республикасы Үкіметінің «Орталык мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардын, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Алакөл ауданы әкімі аппаратының (бұдан әрі аудан әкімінің аппараты) лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және занды тұлғалардың өкілдерін жеке кабылдау тәртібін реттейді.
- Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке кабылдауды (бұдан әрі - кабылдау) аудан әкімі аппаратының қоғамдык кабылдау бөлмесінде (бұдан әрі - коғамдық қабылдау бөлмесі), сондай-ак азаматтарды қабылдау орталықтарында мына лауазымды және өзге де адамдар:
1) аудан әкімі және оның орынбасарлары;
2) аудан әкімі аппаратының басшысы
3) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
4) кабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті аудан әкімі аппаратының өзге де кызметкерлері жүзеге асырады;
2-1. Азаматтарды кабылдау орталықтарында мемлекеттік органдардың регламенттерінде белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органдардың кұзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардын өкілдерін қабылдау жүзеге асырылады.
- Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ак кабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті аудан әкімі аппаратының өзге де кызметкерлері аталған лауазымды тұлғалар қабылдауға келіскен жағдайда жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін олар өтініш берген күні қабылдайды.
2-тарау. Алакөл ауданы әкімі аппаратында, сондай-ак азаматтарды кабылдау орталықтарында жеке тұлғаларды және занды тұлғалардың өкілдерін кабылдау тәртібі
- Қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер күн сайын жұмыс күндері жұмыс уақытында түскі үзіліспен «электрондық үкімет» веб- порталындагы немесе «Электрондык жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесіндегі электрондык кұжат, кагаз форматтағы, оның ішінде колма-кол түскен немесе коғамдык кабылдау бөлмесінің кызметкеріне ауызша нысанда айтылган жолданымдар, сондай-ак коғамдык кабылдау бөлмелерінің сall- орталықтарына келіп түскен өтінімдер негізінде кабылдауға жазылуды жүргізеді.
- Мәселенің мәні баяндалмаған жеке кабылдау туралы жолданым каралмайды, бұл туралы арыз иесіне хабарланады.
- Жолданымды кабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Егер жеке кабылдау туралы өтініші бар жолданым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі Кодекс) 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, ол туралы арыз иесіне көрсетіледі және оны Кодекстің талаптарымен сәйкес келтіру үшін акылға қонымды мерзім белгіленеді.
Белгіленген мерзімде Кодекстің талаптарына сәйкес келтірілмеген жеке кабылдау туралы өтініші бар жолданым кайтарылуға жатады.
- Осы Үлгілік регламенттің 2-тармағында көрсетілген тұлғалар бекітілген кестеге сәйкес айына кемінде бір рет коғамдык кабылдау бөлмелерінде
кабылдауды жүргізеді.
Алакөл ауданының әкімі азаматтарды жеке кабылдауды «Әкімдердін халыкпен кездесулерін өткізу туралы» Қазакстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес халықпен кездесулер өткізгеннен кейін де жүргізеді.
7-1. Осы Регламенттің 2-тармағында көрсетілген адамдардың азаматтарды қабылдау орталықтарында қабылдауы Алакөл ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және занды тұлғалардын өкілдерін жеке кабылдауының регламентіндегі косымшасына сәйкес нысан бойынша аудан әкімімен бекіткен кестеге сәйкес айына бір реттен сиретпей жүргізіледі.
- Лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), кабылдау күндері көрсетілген кабылдау кестелері мемлекеттік және орыс тілдерінде коғамдық кабылдау бөлмелерінің, азаматтарды қабылдау орталықтарының үй-жайларында көпшілікке көрінетін жерлерге ілінеді, сондай-ак аудан әкімдігінің ресми сайтында орналастырылады.
- Аудан әкімінің орынбасарларының кабылдауы аудан әкімінің тиісті тапсырмасы бойынша бекітілген кестеден тыс кабылдауды өткізу күні көрсетіле отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
- Қабылдаудың алдында жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі (бұдан эрі - арыз несі) озінін жеке басын куәландыратын құжатты, ал баска тұлғалардың атынан жүгінген кезде олардын мүдделерін білдіру өкілеттігін растайтын құжаттарды көрсетеді.
- Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды кабылдау Казакстан Республикасында кұпиялылық режимін камтамасыз ету жөніндегі талаптарга
және Казакстан Республикасының мемлекеттік кұпияларды коргау саласындағы катынастарды реттейтін өзге де нормативтік кұкыктык актілеріне сәйкес жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жок адамдарды кабылдау аудармашының катысуымен жүргізіледі.
Шетелдіктер мен азаматтығы жок адамдардын кабылдауда берген жолданымдары, егер Қазакстан Республикасы ратификациялаған халыкаралык шарттарда оларды караудын өзгеше қағидалары көзделмесе, Қазакстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен каралады.
- Қабылдау жүгіну кезегі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, женілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, баска мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, еңбек ардагерлері, мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, «Алтын Кыран», «Халык каһарманы», «Қазакстанның Еңбек Ері» ордендерімен марапатталған адамдар кезектен тыс қабылданады.
- Арыз иесінің келісімімен аудан әкімінің және оның орынбасарларының кабылдауы бейнеконференц байланыс арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
- Пандемиямен немесе жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің кауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты баска да жағдайларға орай шектеу шаралары енгізілген жағдайда қабылдау бейнеконференц байланыс арқылы ғана жүзеге асырылады.
- Қабылдауга жазылу мына жағдайларда:
1) жергілікті аткарушы органдардын кұзыретіне кірмейтін мәселелер болса;
2) әкімшілік органның, лауазымды адамның жолданымда көрсетілген сол нысана туралы және сол негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты әкімшілік іс бойынша шешімі бар болса;
3) сол нысана туралы және сол негіздер бойынша сол адамға қатысты
шығарылған заңды күшіне енген сот актісі бар болса;
4) әкімшілік орган, лауазымды адам жолданымды кайтарса;
5) әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесінен жолданымды кері кайтарып алуды қабылдаса, жүзеге асырылмайды.
- Уакытша енбекке жарамсыздык, кызметтік іссапар және баска да жағдайлардын себебі бойынша кабылдау жүргізу мүмкін болмаган жағдайла кабылдаушы адам кабылдауға жауапты кызметкерді жеке кабылдау өткізілгенге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей немесе кабылдау өткізілетін күн хабардар етеді.
- Қоғамдык кабылдау бөлмелерінде және азаматтарды кабылдау орталыктарында кабылдау күні косымша жолданымдар мен басқа да ілеспе кұжаттарды ресімдеуге (кажет болған жағдайда) көмектесетін зан консультанттары, психологтар және әлеуметтік кызметкерлер (волонтерлерді кабылдау күндері ғана тартуға болады) тартылуы мүмкін.
- Азаматтарды кабылдау орталықтарының және аудан әкімі аппаратының тиісті кызметкерлері кабылдау өткізген кезде, егер көтерілетін мәселе басқа да мүдделі органдар өкілдерінің құзыретіне катысты болса, олардың қатысуы қамтамасыз етіледі.
- Баска мүдделі органдар өкілдерінің қабылдауға қатысуы туралы сұрау салу жіберілгеннен кейін, арыз иесі 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберілген сұрау салу туралы және кажет болған жағдайда кабылдауға жазылу туралы жолданымды караудың ұзартылғаны туралы хабардар етіледі.
- Баска мүдделі органдардың бірлесіп қабылдауға қатысудан бас тарту фактілері туралы ақпарат 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қазакстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жіберіледі.
- Қабылдау арыз иесінің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
- Қабылдау барысында қоғамдық қабылдау бөлмесінің кызметкерлері жергілікті аткарушы органдардын кызметкерлерін қабылдауға қатысуға шақыра алады немесе кабылдау уакыты мен орнын тиісті лауазымды адамдармен келісе алады.
- Қабылдау нәтижелері жолданым немесе тапсырмалар бойынша кабылдау барысында қабылданған шешімді көрсете отырып, оларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетіліп хаттамаланады. Хаттамалык тапсырмалар жолданымдарга коса тіркеледі.
- Азаматтарды қабылдау дербес деректер мен мемлекеттік кұпияларды не заңмен корғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау туралы талаптарды сактай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
3-тарау. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін кабылдау мәселелері жөніндегі жолданымдарды тіркеу және қарау тәртібі
- Кабылдауға жазылу туралы келіп түскен барлық жолданымдарды коғамдык кабылдау бөлмесінің және азаматтарды қабылдау орталығының қызметкерлері электрондық кұжат айналымы жүйесінде не «Электрондық жолданымдар» акпараттык-талдау жүйесінде олар келіп түскен күні тіркейді және жолданымдардын каралуына бақылауды жүзеге асыратын жауапты кызметкерге (бұдан әрі жауапты кызметкер) алдын ала қарау үшін жібереді. Егер өтініш жұмыс істемейтін күні келіп түссе, онда ол одан кейінгі келесі жұмыс күні тіркеледі. Өтініш беруші жеке өзі келген кезде немесе телефон байланысы аркылы ауызша нысанда келіп түскен өтініштер, бөлек хаттамаға енгізіледі және осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес тіркелуге жатады.
26.Жауапты қызметкер аудан әкімі аппаратының кұрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын, материалдарды жинағаннан және талдағаннан кейін қабылдау күнін белгілеу немесе бас тарту туралы ұсыныспен облыс әкімі атына анықтамалық ақпарат дайындайды.
- Қабылданған шешімнін корытындысы бойынша жауапты кызметкер
лауазымды адамдар мен олардың орынбасарлары қабылдайтын адамдардың
тізімін қалыптастырады және оны қабылдау кестесіне енгізу үшін коғамдық
кабылдау бөлмесіне жібереді.
- Қоғамдык кабылдау бөлмесінің және азаматтарды кабылдау орталықтарының жауапты қызметкері бекітілген кабылдау кестесіне тізімдерді кезектілік тәртібімен бөледі.
- Қоғамдык кабылдау бөлмесінің және азаматтарды қабылдау орталықтарының жауапты кызметкері жолданым тіркелген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде арыз иесіне кабылдау уақыты мен күні көрсетілген жауапты жолдайды.
- Мәні бойынша барынша пысықтауды талап ететін күрделі мәселе болған жағдайда, арыз иесіне жолданымды карау мерзімін жолданым тіркелген кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзарту туралы хат жіберіледі.
Жолданымды карау мерзімі облыс әкімі аппараты лауазымды адамдарынын уәжді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірак арызды дұрыс карау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу кажеттілігіне байланысты екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы арыз иесі жолданымды карау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
- Қоғамдық қабылдау бөлмесі және азаматтарды кабылдау орталығы уәкілетті кызметкерлерінің лауазымды адамдар мен олардын орынбасарларының қабылдауды ұйымдастыруы үшін қажетті материалдарды ұсыну, кабылдауды өткізу практикасын талдау және жинақтап қорыту туралы талаптары аудан әкімі аппаратының құрылымдык бөлімшелері үшін орындауға міндетті болып табылады.
- Қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей арыз иесіне тыңдау рәсімін жүргізу үшін бас тарту туралы алдын ала шешім жобасы жіберіледі.
Қабылдаудан бас тартылған жағдайда тыңдау рәсімі Кодекстің 73-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін.
- Тындау рәсімін ұйымдастыру және өткізу тәртібі Кодекстің 66, 73 және 74-баптарынын талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
4-тарау. Қабылдау қорытындысы бойынша тапсырмалардын орындалуына бақылауды жүзеге асыру
- Кабылдау корытындысы бойынша дайындалған хаттамалык тапсырмаларды бақылауды жолданымдардың орындалуына бақылауды коғамдык қабылдау бөлмесінің кызметкерлері жүзеге асырады.
- Арыз иесіне түпкілікті уәжді жауап кабылдаудан келіп түскен жолданымды бакылаудан алу үшін негіз болып табылады.
- Қабылдау барысында арыз иесі берген жолданымдар «жеке кабылдаудан» деген белгі койылып, электрондық құжат айналымы жүйесінде немесе «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесінде тіркеледі.
- Қабылдаудан түскен жолданымды бұған дейін караган кызметкерге тапсыруға жол берілмейді.
- Қоғамдық қабылдау бөлмесінің және азаматтарды кабылдау орталығының қызметкерлері тұрақты негізде арыз иелерінің қанағаттану денгейіне мониторинг жүргізіп, консультация алған және жеке қабылдауға жазылудан бас тарткан арыз иелеріне телефон байланысы арқылы іріктеп сауалнама жүргізуі тиіс.
- Жолданымдардың орындалуына бакылауды жүзеге асыратын құрылымдык бөлімше баска мүдделі кұрылымдык бөлімшелермен бірлесіп,
мыналарды:
1) өткізілетін кабылдаулар шеңберінде аудан әкімінің және оның орынбасарларының жұмысын ақпараттық-талдамалык сүйемелдеуді;
2) қабылдауға тартылған жауапты лауазымды адамдардың, оның ішінде
баска да мүдделі органдардың жауапты лауазымды адамдарының қатысуын;
3) арыз несімен кері байланысты (қажеттілікке карай);
4) коғамдык кабылдау бөлмелерінің, азаматтарды кабылдау орталықтарының шеңберінде жұмыс істейтін call-орталықтардың, оның ішінде төтенше жагдай, төтенше ахуал режимдерін, эпидемиологиялық сипаттағы карантиндік шараларды енгізумен, техногендік авариялармен және халыктың өмірі мен денсаулығына кауіп төндіретін өзге де апаттармен байланысты шектеу шаралары қабылданған жағдайда үздіксіз жұмыс істеуін камтамасыз етеді.
- Қоғамдык кабылдау бөлмелері және азаматтарды қабылдау орталықтары жұмысының нәтижелері туралы тұрақты негізде (тоқсанына бір реттен сиретпей) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратын хабардар ету кажет.
Алакөл ауданы әкімі аппаратынын
лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды
және занды тұлғалардын өкілдерін жеке
кабылдауының регламентін бекіту туралы
қосымша
Бекітемін
___________ А.Абдинов
Алакөл ауданының әкімі
Алакөл ауданы әкімдігі басшылығының
азаматтарды қабылдау кестесі
|
Мемлекеттік органның атауы
|
Азаматтарыды қабылдауды жүргізетін тұлғаның Т.А.Ә.
|
Азаматтарыды қабылдауды жүргізетін тұлғаның лауазымы
|
Азаматтарыды қабылдау күні мен уақыты
|
Мемлекетік органның, ұйымның орналасқан жері
|
Байланыс телефоны, электрондық мекен-жайы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|