Аудан әкімі А.С.Абдиновтың Алакөл ауданының тұрғындарымен кездесуінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі
ІС- ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫНЫҢ орындалуы туралы (І- жартыжылдық)
(2025 жыл 28 шілдедегі жағдай бойынша)
Барлығы:5, орындалғаны-3, жұмыс барысында-2.
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Уақыты |
Орындалуы туралы |
|
1 |
Тоқжайлау ауылының ішкі көшесін жөндеу мәселесі |
Тоқжайлау ауылының Бөгенбай батыр көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу |
2025 жыл шілде-мамыр
|
Орындалды. Тоқжайлау ауылының Бөгенбай батыр көшесіне орта жөндеуге 106 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толығымен орындалып, пайдалануға шілде айында берілді. Мердігер мекеме: «Алакөл жолдары» ЖШС. |
|
2 |
Арқарлы ауылының ішкі көшесін жөндеу мәселесі |
Арқарлы ауылының Бекбаев, Уәлиханов көшелеріне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу |
2025 жыл мамыр |
Орындалды. Арқарлы ауылының Бекбаев, Уәлиханов көшелеріне орта жөндеуге 47 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толығымен орындалып, пайдалануға шілде айында берілді. Мердігер мекеме: «Алакөл жолдары» ЖШС. |
|
3 |
Бескөл ауылындағы ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішті жөндеу мәселесі |
Бескөл ауылындағы ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішті қалпына келтіру |
2025 жыл сәуір |
Орындалды. 20.03.2025ж баға ұсыныстарын сұрату жолымен, мердігер ЖШС «Әмре-Саян», 09.04.2025 уақытымен келсім шарт жасалды. 2025 жылы 30 сәуірде жұмыстары толық аяқталды. Келісім шарт бойынша жұмыстар 2 389 333 теңгені құрады. Үнемделген қаражат 2 610 667 теңге. |
|
4 |
Қоңыр ауылының ішкі көшесін жарықтандыру мәселесі |
Қоңыр ауылындағы Достық көшесін жарықтандыру |
2025 жыл шілде
|
Жұмыс барысында. Қоңыр ауылы Достық көшесіне түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары 90 процентке жүргізілді. Мердігер: “Алакөл Асыл ҚҰРЫЛЫС” ЖШС. Бөлінген қаражат 59,195,000 млн тг. Техникалық байқаушы: “Жетісу ТН” ЖШС. Аяқталу мерзімі: тамыз 2025 жыл.
|
|
5 |
Жанама ауылдық округіне спорт кешенін салу мәселесі |
Қарабұлақ ауылына блокты модульді спорт кешенін орнату |
2025 жыл шілде
|
Жұмыс барысында. Қарабұлақ ауылындағы спорт кешені құрылысы 95 процентке орындалды. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі: тамыз 2025 жыл.
|