Жетісу облысы Алакөл ауданы Актүбек, Бескөл, Жайпақ және Қамысқала ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама
2025 жылғы 15 ақпанда Алакөл ауданынның Актүбек, Бескөл, Жайпақ және Қамысқала ауылдық округінде әкім сайлауы өтті.
Алакөл аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Алакөл ауданынның Актүбек, Бескөл, Жайпақ және Қамысқала ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Ақтүбек сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 758 азамат енгізілді, олардың 561 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 41, "Барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған -15.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ахметов Мурат Байболатович – 393; Ахметбаев Ерасыл Бексұлтанұлы – 73; Барказатова Айман – 39.
Ақтүбек ауылдық округінің әкімі болып Ахметов Мурат Байболатович сайланды, 1977 жылы туған, «Ақтүбек ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, әкім, Ақтүбек аулының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.
Бескөл сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4960 азамат енгізілді, олардың 3362 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 89, "Барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған -57.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Адильбеков Дулат Манатович – 251; Бейсембаев Нурлан Муратович – 2617; Матен Біржан Матенұлы – 348.
Бескөл ауылдық округінің әкімі болып Бейсембаев Нурлан Муратович сайланды, 1971 жылы туған, «Бескөл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, әкім, Бескөл аулының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.
Жайпақ сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 837 азамат енгізілді, олардың 576 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 42, "Барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған -18.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абиев Еламан Сайынович – 409; Аманкелдіұлы Жантас – 73; Жарахмет Тимур Шыңғысханұлы – 34.
Жайпақ ауылдық округінің әкімі болып Абиев Еламан Сайынович сайланды, 1985 жылы туған, «Жайпақ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, бас маман, Жайпақ аулының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.
Қамысқала сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 467 азамат енгізілді, олардың 369 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, "Барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған -3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Актымбаев Керимбай Саметович – 41; Кобдиков Талгат Саятович – 295; Оразбаков Жанат Серикович– 23.
Қамысқала ауылдық округінің әкімі болып Кобдиков Талгат Саятович сайланды, 1992 жылы туған, «Қамысқала ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, бас маман, Қамысқала аулының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.
Алакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы