Алакөл ауданының Жағатал, Қабанбай, Теректі және Ынталы ауылдық округтеріндегі сайлау учаскесінің орталықтары мен шекаралары

Алакөл ауданының Жағатал, Қабанбай, Теректі және Ынталы  ауылдық округтеріндегі сайлау учаскесінің орталықтары мен шекаралары

 

 

Жағатал ауылдық округі

№ 58 сайлау  учаскесі.

Орталығы: Қазақстан ауылы, І. Жансүгіров көшесі, № 12, «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қабанбай батыр атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекаралары: Қазақстан,  Бесағаш  ауылдарының  аумағы.

 

Қабанбай ауылдық округі

 № 74 сайлау  учаскесі.

Орталығы: Қабанбай ауылы, Абылайхан көшесі, № 294,  «Алакөл ауданы әкімінің Зейнеп Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Қабанбай ауылдық  мәдениет үйі.

Шекаралары: Қабанбай ауылының оңтүстік-батыс бөлігі, «Восточный» және «Арман» шағын аудандары, В. Дегтярев, С. Мұқанов көшелері.

№ 75 сайлау  учаскесі.

Орталығы: Қабанбай ауылы, М. Мұратбаев көшесі, № 1 «А», «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шоқан Уәлиханов атындағы  мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекаралары: Қабанбай ауылының орталық бөлігінің барлық көшелері Шынжылы өзеніне дейін, Наурызбай батыр көшесі № 5-тен 41-ге дейін (тақ жағы).

 № 76 сайлау  учаскесі.

Орталығы:  Қабанбай ауылы,  Ғ. Хусаинов көшесі, № 98, «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Омар Молдағожин атындағы орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі.

Шекаралары: Қабанбай ауылының солтүстік бөлігі, Иванченко, Наурызбай батыр № 6-дан 18-ге дейін (жұп жағы), Бөгенбай батыр № 1-ден 111-ге дейін (тақ жағы), № 6-дан 158-ге дейін (жұп жағы), «Борша» шағын ауданы, Жамбыл ауылының аумағы.

 

Теректі ауылдық округі

№ 83 сайлау  учаскесі.

Орталығы: Теректі ауылы, Нарынбаев Ысқақ  көшесі, № 42 А, «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Теректі орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекаралары: Теректі, Талдыбұлақ ауылының аумағы.

 

Ынталы ауылдық округі

№ 52 сайлау  учаскесі.

Орталығы:   Ынталы ауылы, Жеңіс көшесі № 7, «Алакөл ауданы әкімінің Зейнеп Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Ынталы ауылдық мәдениет үйі.

Шекаралары: Ынталы ауылының аумағы.

 

Алакөл ауданының Жағатал, Қабанбай, Теректі және Ынталы ауылдық округтеріндегі сайлау учаскесінің орталықтары мен шекаралары
Дата публикации
04 июня 2025