Алакөл ауданының Жағатал, Қабанбай, Теректі және Ынталы ауылдық
округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау және сайлауды
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Алакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алакөл ауданының Жағатал, Қабанбай, Теректі және Ынталы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылдың 13 шілдеге тағайындалсын.
- Алакөл ауданының Жағатал, Қабанбай, Теректі және Ынталы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Алакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына және аудандық «Аlakol» газетінде жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Д. Асамбаева жүктелсін.