«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Алакөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- Алакөл аудандық мәслихатының «Алакөл ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 3-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3855 тіркелген, 2016 жылдың 28 маусымында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихатының «Депутаттық өкілеттік, бюджет, экономика, заңдылықты сақтау, құқықтық қорғау және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.