Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері, кітапханалар арасындағы облыстық байқауы биыл онлайн форматында Көктұма ауылында өткізілді. Ауыл мәдениетін көтеру, мәдениет үйлерінің жұмысын жандандыру мақсатындағы шарада арнайы карантиндік талаптарды қатаң сақтай отырып көрме және қолөнер туындылары мен атқарылып жатқан жұмыстары таныстырылып, ауыл өнерпаздарының ұйымдастырған концерттік бағдарламасы ұсынылды. Сонымен қатар, Көктұма ауылдық кітапханасында «Баба дәстүрінің ұлыларымен Рухани жаңғыру» атты кең көлемді кітап көрмесі қойылып, «Кітапхана парасаттың мекені» атты кітапхана тынысы туралы көпшілікке таныстырылды.
Ырғайты ауылдық округінің әкімі Д.Мұқабаев алғысын білдіріп, мәдениеттің өркендеуіндегі жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі.