Алакөл аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс – шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының  14-бабының 8-тармақшасына сәйкес Алакөл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Алакөл аудандық мәслихат депутаттарының  кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу  жөніндегі негізгі іс – шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Алакөл ауданының қала және ауылдық округ әкімдері ауданның мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірге мәслихат депутаттарын сайлауды өткізу кезеңінде  өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.        
  3. Осы қаулы Алакөл ауданы әкімінің ресми саитына орналастырылсын.

          

 

 

 

           Аудандық сайлау

           комиссиясының төрағасы                                     С. Бекболатов

 

           Аудандық сайлау

           комиссиясының хатшысы                                     Ж. Садырбекова

Дата публикации
26 октября 2020