«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 33, 37-баптарына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін аумақтық сайлау комиссиясымен келісілген сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.».
көрсетілген шешімнің қосымшасында 26-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«26. № 69 сайлау учаскесі.
Орталығы: Достық ауылы, Т. Рысқұлов көшесі № 11, «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Достық орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Достық ауылы, Абай, Абылайхан, Ж. Жабаев, Р. Қошқарбаев, Қабанбай, Т. Рысқұлов, Әлібаев, Теміржолшылар көшелері, Көктұма, Жалаңашкөл станциясының аумағы.».
көрсетілген шешімнің қосымшасы 54-тармақпен толықтырылсын:
«54. № 1049 сайлау учаскесі.
Орталығы: Достық ауылы, Жансүгіров көшесі № 5, «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Достык кентінің № 11 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Достық ауылы, Б. Момышұлы, Бейбітшілік, Бәкіров, әскери қалашық, Д. Қонаев, Достық, Ә. Молдағұлова, І. Жансүгіров, Қасабай, Д. Рақышев, С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердіұлы, М. Мақатаев көшелерінің аумағы.».
|
Әкім |
|
А. Жаканбаев |