«Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Алакөл ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл аудандық мәслихатының «Ауыл шаруашылығын өркендету, экология, көлік және байланыс, индустриалды-инновациялық және энергетикалық инфроқұрлымның дамуы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алакөл аудандық Алакөл аудандық
мәслихатының сессия төрағасы мәслихатының хатшысы
Ө. Ахметов С. Р. Жабжанов