«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Алакөл ауданы әкімінің «Алакөл ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 20 тамыздағы № 13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3437 тіркелген, 2015 жылдың 03 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімінің орындалуын бақылау «Алакөл ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.С. Сатыбалдиевке жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі