Ауданның 2024 жылдың шілде айындағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы анықтама

Ауданның 2024 жылдың шілде айындағы

әлеуметтік-экономикалық даму туралы анықтама

 

Үстіміздегі жылдың шілде айында ауданның әлеуметтік– экономикалық жағдайы тұрақты дамып, жоспарлы жұмыстар атқарылды.

Бюджетке міндетті төлемдерді жинау жоспары есепті кезеңде 105 процентке орындалып, 6 млрд. 287,8 млн.теңгеге жетті. Оның 4 млрд. 797,4 млн. теңгесі жергілікті бюджеттің үлесінде.

Меншікті салығымыз 2 млн. 165,7 мың теңгеге толықты.

Аграрлық секторда 2024 жылдың шілде айында өндірілген өнім көлемі 10 млрд. 629,6 млн. теңгеге жетіп,заттай көлем индексі 100,1 проценті құрады.

Орташа есеппен мал басы саны бойынша ірі қара саны – 80 491 бас (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 99,4%), қой мен ешкі – 244 661 бас (97,1%), жылқы – 41 711 бас (115%), және құс – 80,1 мың басты (72,6%) құрады.

Осы есеп беру аралығында 7708 тонна ет, 15 564,4 тонна сүт, 4 716,7 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Ауданымызда есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі  5 млрд. 974 млн. теңгеге жетіп, заттай көлем индексі 113,4 процентті құрады.

Аудан экономикасының дамуына үстіміздегі жылдың шілде айында 37 млрд. 315,2 млн.  теңгенің инвестициясы тартылып, заттай көлем индексі 147,3 процентке жетті.

Ауданның шағын және орта кәсіпкерлігінің субъектілер саны 2024 жылдың 6 айы бойынша 4610 бірлікке жетті. Бұл салада жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 10,7 мың адамға артты, бюджетке 1 млдр. 97 млн. теңгенің салығын түсірді.

Бөлшек тауар айналымы үстіміздегі жылдың маусым айында 9 млрд. 515,4 млн. теңгені құрады.

Заттай көлем индексі 100 процентке жетті.

Ауданның коммуналдық шаруашылық саласында орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған елді мекендердің үлесі 85,7 процентті  құрайды немесе 56 елді мекеннің 47-і қамтылған.

Биылғы жоспарға сәйкес қосымша 5 елді мекеннің (Екпінді, Тоқжайлау, Бибақан, Теректі, Көктұма) ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 2 млрд 278,5 млн теңге бөлінді. Бибақан ауылындағы ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Қалған нысандар ағымдағы жылы қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

2024 жылы Үшарал қаласында қосымша орталық жылу қазандығының құрлысына бюджеттен 1 млрд. 263,7 млн. теңге қарастырылды. Қазіргі таңда жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Аталған нысанға 3 жылыту қазандығы орнатылып, қаржыландыру кестесіне сәйкес 2024 жылы іске қосу жоспарлануда. Жылыту қазандығының қуаттылығы сағатына 22,3 Гкал- дан 30 Гкал- ға жеткізілетін болады.

Қант зауыты ауылының жылыту қазандығын ағымдағы жөндеу және шағын қазандыққа арналған қазандықтарды сатып алуға 26 млн. 205 мың теңге қарастырылған. Нысан жылыту маусымына дейін қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

Жол экономикамыздың күре тамыры. Аудан аумағында 1448,3 шақырым автокөлік жолдары бар.

Оның 333 шақырымы республикалық маңыздағы, 534 шақырымы облыстық маңыздағы, 581,3 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.

2024 жылы ауданның 5 елді мекеннің жолдардын күрделі, орта және ағымды жөндеу жұмыстарына 794,5 млн.теңге қарастырылды.

2024 жылы 5 елді мекеннің жалпы ұзындығы 11,6 шақырымды құрайтын (Ж.Балапанов 40 млн.теңге, Бескөл 132 млн.теңгеге 3 көше, Бұлақты 19,3 млн.теңге, Қазақстан 228,5 млн.теңгеге 4 көше, Қабанбай 204 млн.теңгеге 3 көше)  жолдарын орта жөндеуге 624 млн.теңге (оның ішінде Ауыл ел-бесігі бағдарламасы арқылы 584 млн.теңге), Үшарал қаласындағы Бірлік көшесіне күрделі жөндеуге 112,9 млн.теңге, Абылайхан көшесіне 367,3 млн.теңге бөлініп жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда, 2 көшенің жалпы ұзындығы 3,1 шақырым. Жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда. Бескөл, Бұлақты, Қазақстан ауылдарындағы 8 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталып, келесі айда қабылдап алу жұмыстары жүргізілетін болады.

Құрылыс саласында 10 422 шаршы метр тұрғын үй кіріске алынды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 31 млрд. 284,8 млн. теңгені құрады.

Биылғы жылы Қабанбай ауылында 10 жалға берілетін тұрғын үй салуға 291 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары 60% аяқталып, қараша айының соңына дейін қолданысқа берілу жоспарлануда. Қарабұлақ ауылына болктық-модульбік спорт кешенін салуға 180 млн. теңге, қарастырылған, мемлекеттік сатып алу порталына хабарландыру берілді, Қазақстан және Жайпақ ауылдарына блокты модульдің кешенді мәдениет үйін салуға 300 млн. теңге қарастырылды. Мемлекеттік сатып алу порталына хабарландыру берілді

Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды үймен қамтамасыз ету үшін 1, 993 млн. теңге қарастырылған. Жыл соңына дейін жұмыстар жоспарға сәйкес атқарыла деп жоспарлануда.

Аудан экономикасының барлық салаларында 2024 жылдың ІІ тоқсанында 1478 жұмыс орны ашылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орны 675. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 3,8 пайызға тұрақтады.

Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша 535 азамат қоғамдық жұмысқа, 16 азамат жастар тәжірибесіне, 57 азамат әлеуметтік жұмысқа жіберілді.

Аудандағы 44 мектепте 13,4 мыңнан астам оқушы бар. 19 балабақша мен 32 кіші орталықтарда 2500 бала тәрбиеленуде.

Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтылуы 100 процентті құрайды.

Аудан бойынша 3 ауысымда және апатты жағдайда тұрған мектептер жоқ.

Жалпы 44 мектептің 37-і күрделі жөндеуден өткізілген, оның ішінде 2023 жылы Ақжар ОМ, Үшарал қ. А.Байтұрсынов ат. ОМ ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2024 жылы Бескөл ауылындағы М.Әуезов ат. ОМ (50,9 млн. теңге) мен Жайпақ ауылындағы М.Төлебаев ат. ОМ (91,5 млн.теңге) Достық ауылындағы Достық ОМ (81,2 млн. теңге) ағымдағы жөндеу жұмыстарына 223,6 млн.теңге және «Шағала» балалар лагерына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 45 млн. теңге қаражат қарастырылып, жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда.

Достық ауылында 2 млрд. 693 млн. теңгеге «Жайлы мектеп» жобасымен 600 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай жетілдіруді анықтайтын, мемлекеттің басымдылықтарының бірі азаматтар денсаулығын қорғау мен нығайту болып табылады.

Ауданда барлығы 245 төсек орны бар. Дәрі дәрмек, препараттармен толық қамтылған.

38 денсаулық сақтау мекемелерінде 132 дәрігерлер, 566 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасайды.

Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету аясында 2023 жылы Қамысқала ауылында 142 млн.теңге ФАП ғимараты, Қарлығаш, Байзерек, Ынталы ауылдарында  150 млн. теңгеге модульды медициналық пункт бой көтерді.

Биылғы жылы жоспарға сәйкес Қоңыр, Бибақан, Арқарлы ауылдарына модульды медициналық пункт орнатуға 150 млн. теңге бөлінді. Қоңыр ауылындағы нысан қолданысқа берілді. Көлбай ауылына дәрігерлік амбулатория салуға («Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасының аясында)  420,3 млн. теңге, Жыланды ауылының дәрігерлік амбулаториясының құрылысына 466,7 млн. теңге бөлінді.

"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасымен Жанама, Қызылқайың, Ақжар, Үшбұлақ, Сапақ ауылдарында ФАП, Бескөл, Жайпақ, Екпінді ауылдарында ДА құрылыстары жүргізілуде. Жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда.

2024 жылдың 6 айында ауданда 133 қылмыс тіркеліп, 2023 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2 бірлікке азайып отыр. Қылмыстардың ашылуы 87,5% құрады.

Ауданның 2024 жылдың шілде айындағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы анықтама
Дата публикации
05 августа 2024