Жетісу облысы Алакөл ауданы Арқарлы ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама

Жетісу облысы Алакөл ауданы Арқарлы  ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама

 

 

  2024 жылғы 4 тамызда Алакөл ауданынның Арқарлы ауылдық округінде  әкім сайлауы өтті.

  Алакөл аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Алакөл ауданынның Арқарлы ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Арқарлы сайлау округі

Арқарлы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 325 азамат енгізілді, олардың  257 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, "Барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған -7.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жарахмет Тимур Шыңғысханұлы – 14; Коныров Ержан Талгатович – 209; Умирбеков Руслан Алимгазинович – 22.

Арқарлы ауылдық округінің әкімі болып Коныров Ержан Талгатович сайланды, 1990 жылы туған, Арқарлы ауылдық округі әкімі аппараты,бас маман,  Арқарлы аулының тұрғыны, «Amanat»  партиясынан ұсынылған.

 

Алакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

об итогах выборов акима Аркарлинского сельского округа Алакольского района области Жетісу
Дата публикации
05 августа 2024