Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы

 

          

                 ҚАУЛЫСЫ                                                                         ПОСТАНОВЛЕНИЕ

_2020 жылғы 15 тамыз_ № _48_____ 

         Нұр-Сұлтан қаласы                                                                    город Нур-Султан

 

 

 

 

Карантиндік шектеу шаралары және

оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы

 

 

«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»:

1) қала маңындағы жолаушылар поездарының (электр поездарының) қозғалысын тоқтата тұруды;

2) жұмыс поездарын қоспағанда, жолаушылар поездарының құрамында жалпы вагондарды жасақтауды болдырмауды қамтмасыз етсін.

  1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар:

1) қалааралық автобус, шағын автобус тасымалдарын тоқтата тұруды;

2) көрермендер қатысатын, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде өкізілетін және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

3) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салуды;

4) барлық мәдениет объектілерінің (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т. б.) қызметіне тыйым салуды;

Об ограничительных карантинных мерах и поэтапном их смягчении
Дата публикации
19 августа 2020