Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары жыл басынан бері 1 триллион теңгеге өсті БЖЗҚ-ның 2023 жылғы 1 мамырдағы негізгі көрсеткіштері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары жыл басынан бері 1 триллион теңгеге өсті

БЖЗҚ-ның 2023 жылғы 1 мамырдағы негізгі көрсеткіштері   

2023 жылғы 1 мамырға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке шоттарындағы зейнетақы жинақтары 15,68 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан 01.05.2023 ж. дейінгі  өсім 1 трлн теңге (6,9%). Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 2,74 трлн теңгеге (немесе 21,1%) өсті.

Өсім жарналар мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс, сондай-ақ, зейнетақы төлемдері түріндегі, оның ішінде кесте бойынша және біржолғы - тұрғын үй мен емделу, мұрагерлік, жерлеу, тұрақты тұруға кету және т. б. мақсаттағы шығыс ағындары есебінен қалыптасты.

Дата публикации
30 мая 2023