Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келген барлық адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді:
Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүретін жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келген барлық адамдарға (бұдан әрі – келген адамдар) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін орындарда осы қаулыға 43-қосымшаға сәйкес сауалнама жүргізуді және ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу үшін материал алуды қамтамасыз етсін.
ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін материал алғаннан кейін және сауалнамадан кейін локомотив бригадаларының мүшелері, теміржол, теңіз және өзен көлігінде тасымалдау қызметімен байланысты адамдар және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер маршруты бойынша межелі жерге дейін жүруді жалғастырады. Келген адамда COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі алынған кезде мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік пунктке (бұдан әрі - СКП) іссапарға жіберілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің (бұдан әрі – ТКҚСҚБД) маманы COVID-19-ға оң нәтиже туралы ақпаратты қазіргі уақытта сауалнамада көрсетілген маршруттық параққа сәйкес келген адам аумағында болатын ТКҚСҚБД-не береді. Қазіргі уақытта келген адам аумағында болатын ТКҚСҚБД маманы денсаулық сақтау басқармасына (бұдан әрі – ДСБ) және келген адамға COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі туралы хабарлайды. ДСБ келген адамды медициналық тексеруді қамтамасыз етеді, COVID-19 белгілері болған жағдайда оны инфекциялық стационарға емдеуге жатқызуға жібереді. COVID-19 белгілері болмаған кезде оған COVID-19 ықтимал симптомдары туралы және баратын жеріне келген соң МСАК ұйымына жүгіну және COVID-19-ға тексерудің оң нәтижесі туралы хабарлау қажеттілігін түсіндіреді. ДСБ осы қаулыға 43-қосымшаға сәйкес тиісті қолхатты алады. ТКҚСҚБД және ДСБ келген адамның межелі орнындағы ТКҚСҚБД және ДСБ-ға COVID-19-ға тексерудің оң нәтижесі бар адамның жүретін жолы туралы хабарлайды.
Жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасына ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпелердегі өткізу пункттері арқылы келген адамдар мынадай алгоритм қолданылады:
– ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен кейін мемлекеттік шекараны кесіп өту пункті (автоөтпе) орналасқан өңірден (облыстан) тыс жерге шықпайтын адамдар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін материал алғаннан кейін және сауалнамадан кейін сауалнамада көрсетілген межелі жерге жол жүруді жалғастырады. Бұл адамдар карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшауланбайды. Келген адамнан COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесін алған кезде мемлекеттік шекарадағы СКП-ға іссапарға жіберілген ТКҚСҚБД маманы COVID-19-ға оң нәтиже туралы ақпаратты ТКҚСҚБД-ға және ДСБ-ға береді. ДСБ келген адамды медициналық тексеруді қамтамасыз етеді, COVID-19 белгілері болған кезде оны инфекциялық стационарға емдеуге жатқызуға жібереді, COVID-19 белгілері болмаған кезде іс-шаралар осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес симптомсыз вирус тасымалдаушылық ретінде жүргізіледі;
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен кейін мемлекеттік шекараны кесіп өту пункті орналасқан өңірден (облыстан) тыс жерлерге шығатын адамдар, яғни республиканың басқа өңірлеріне баратын адамдар сауалнама жүргізуге және ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексерудің теріс нәтижесін алған кезде келген адамдар межелі жерге қарай жол жүруді жалғастырады. COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі болған және COVID-19 белгілері болған жағдайда оларды инфекциялық стационарға жатқызуға жібереді, COVID-19 белгілері болмаған кезде іс-шаралар осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес симптомсыз вирус тасымалдаушылық ретінде жүргізіледі;»;
2) қаулыға 38-қосымшада 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Байланыс фактісі анықталған кезде және карантин аяқталғаннан кейін COVID-19 диагнозы расталған жақын және ықтимал байланыста болған адамдар арасындағы адамдар:
1) СОVID-19 жаңа жағдайлары тіркелген кезде АД мамандары жақын және ықтимал байланыста болған адамдардың шеңберін анықтайды;
2) байланыста болған адамдарды тексеру үшін өтінім биоматериалды алу үшін ҰСО филиалына немесе медициналық ұйымға ұсынылады;
3) сынамаларды алу рәсімін жүргізу кезінде АД жауапты маманы зерттелетін адамның барлық деректерін электрондық жолдамаға, ҰСО ақпараттық жүйесіне толтыра отырып, алынған материалды тіркеуді жүзеге асырады және ТКҚСҚБК АД маманының жеке кабинетінен тиісті зертханаға (http://lis.nce.kz/kkkbtu) немесе медициналық ақпараттық жүйеден жібереді және электрондық форматта ҰСО тиісті зертханасына жібереді;
4) байланыста болған адамдарды тестілеу COVID-19 расталған жағдайымен бастапқы байланыс сәтінен бастап 3-4 күннен ерте емес жүргізіледі;
5) байланыста болған адамдардан алынған үлгі ұсынылған нысанға сәйкес жолдамамен сүйемелденеді;
6) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға №31 қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
7) тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана тестіленетін адамдардан оң нәтиже анықталған жағдайда журналға беру уақытын, қабылдаған адамның ТАӘ мен лауазымын тіркей отырып, 2 сағат ішінде аумақтық АД-ны телефон арқылы хабардар етеді. Кейіннен АД-ға 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі беріледі;
8) АД оң нәтиже хаттамасының көшірмесін алған кезде МСАК-қа хабарлайды және СОVID-19 жаңа жағдайларының алгоритмі бойынша эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізеді;
9) зертхана зерттеу нәтижесін байланыста болған адамның тұрғылықты жері бойынша МСАК-қа немесе пациенттің орналасқан жері бойынша карантиндік орталыққа хабарламамен электрондық пошта арқылы немесе курьер арқылы 12 сағат ішінде береді. Интеграцияланған ақпараттық жүйе болған жағдайда зерттеу нәтижелері 3 сағат ішінде енгізіледі.».
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова