Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің 90 - бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 04 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» №974 қаулысына сәйкес:
1.Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аудан әкімі аппарат басшысының азаматтарды сұрақтары бойынша жеке қабылдау кестесі (бұдан әрі –Кесте) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2.Жоғарыда аталған лауазымды тұлғалар азаматтарды жеке қабылдауды кестеге сәйкес жүргізсін.
3.Аудан әкімі аппаратының басшысы (Д.Сатыбалдиев) осы кестенің жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен аудан әкімінің ресми интернет ресурсында жариялануын және қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған өзге де шараларды іске асырсын.
4.Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Аудан әкімі А.Абдинов