«Алакөл ауданы әкімінің аппараты» ММ Алакөл ауданы әкімдігінің "Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алакөлжылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды

  1. Мемлекеттік кәсіпорын басшысы лауазымына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2022 жылғы 20 мамырда Алакөл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сағат 15:00-де өтеді.
  2. Кәсіпорынның атауы Алакөл ауданы әкімдігінің "Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алакөл" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Төле би көшесі 237. Телефоны 8 /728/33 3-61-95

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі аудан және Үшарал қаласының тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету болып табылады.

  1. Қатысушыларға қойылатын талаптар конкурс:

1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;

2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;

  1. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 18.05.2022 жылға дейін ұсыну қажет
  2. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

Ескертпе:

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу күні бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.

 

 

«Алакөл ауданы әкімінің аппараты» ММ Алакөл ауданы әкімдігінің "Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алакөлжылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды
Дата публикации
13 мая 2022