Алакөл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің 2021 жылғы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат.

   

     Аудан бойынша 2021 жылдың өніміне 84 998 га егістік жер игерілді. Оның ішінде: дәнді дақылдар - 40310 га, майлы дақылдар – 27964 га, қант қызылшасы – 800 га, азықтық дақылдар – 13329 га, бақша, картоп, көкеніс  – 2595 га.

   Жалпы егіс көлемінің дәнді дақылдар – 47,4 %, майлы дақылдар – 32,8%, азықтық дақылдар – 15,6 %, бақша, картоп, көкеніс – 3,1 % құрап отыр.

       Шаруашылық құрылымдарынан  1050 тонна минералдық тыңайтқышқа «АСК Қазақстан»  және «КазАзот», «Казфосфат» серіктестігіне  сұраныс беріліп, 1050 тоннасы сатып алынып, егістік алқабына шашу жұмыстары жүргізілді. 

 

Мал азығын дайындау

Жалпы аудан бойынша  -52193 гектар шабындық жер бар.

Қысқы науқанға дайындалған жем-шөп – 354700 тонна

Оның ішінде:

  1. Табиғи шөп және көп жылдық шөп – 193800 тонна.
  2. Пішендеме – 62600 тонна.
  3. Сабан – 39400 тонна
  4. Құрама жем – 20700 тонна
  5. Сүрлем – 37400 тонна.

 

     Ауданға 2021 жылдың көктемгі және күзгі дала жұмыстарына арзандатылған бағамен дизель отыны  3,4 мың тонна бөлінді.

      31.12.2021 жылғы жағдай бойынша ауданда 54 дана жаңа  техника алынып, техника паркінің жаңару көрсеткіші 2,7 % құрады.

        Ауданда мал басы тұрақты  өсуде. IV тоқсанның есебі бойынша:

   - ірі қара мал басы 73520 бас,

   - қой ешкі 213396 бас,

   -  жылқы 30041 бас,

   - түйе 337 басты

   - шошқа  1234 бас,

   - құстар 112,0 мың басты құрады.

 

        Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 58,2  млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 103%.

 

        - Ауыспалы егістікті енгізу мәселесін тұрақты бақылауға алу. 

      Ауыспалы егіс жүргізу барысында, 2020 жылы егіс көлемі егіс көлемі 84867 гектар болса, 2021 жылы 84998 гектарды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 131 гектарға артып отыр, оның ішінде: дәнді дақылдар 2020 жылы 36678 гектар болса, 2021 жылы 40310 гектарды құрап, 3632 гектарға, азықтық дақылдар 2020 жылы 12471 гектар болса, 2021 жылы 13329 гектарды құрап, 858 гектарға артты. Ауыспалы егістік шараларын жүргізудің пайдасы шаруашылық құрылымдарында байқалуда. Нақтырақ айтқанда майлы дақылдарды сепкен жерлерде жерді тыңайту үшін мал азықтық дақылдары мен дәнді дақылдар себіліп, ауыспалы жердің үлесі артуда.

 

     -Дәнді және майлы дақылдардың тұқым сорттарын жаңарту мәселесін бақылауға алу. 

      2021 жылы Жыланды округінде орналасқан «Абдрахманов К.»  шаруа қожалығы «Агрокомплекс «Кургансемена» ЖШС-нен 25 тонна элиталы «Боевчанка» ЭС, 25 тонна 1-ші репродукциялы  «Омская 36» жаздық бидай сортын және 17 тонна 1-ші репродукциялы «Август» лен сорты 2021 жылдың өніміне себілді.   

       Ынталы округінде орналасқан «Ұшқын» шаруа қожалығы «Опытное хозяйство масличных культур» ЖШС-нен 14 тонна элиталы «Барыс», 8 тонна элиталы  «Дарья» жаздық бидай сорты сатып алынып,  2021 жылдың өніміне себілді.                                                           

      Бескөл ауылдық округінде орналасқан «Алмас» шаруа қожалығы 2-ші репродукциялы  «Атланта» 26 тонна майбұршақ тұқымы, ЧАФ «Турген» ЖШС-нен 6 тонна элиталы «Эврика 357»  сорты сатып алынып, егістік алқапқа себілді. Жанама ауылдық округінде орналасқан «Ақбота» шаруа қожалығы Сербия мемлекетінде өндірілген элиталы 25 тонна «триумф», «сава» майбұршақ тұқымы сатып алынып, 2021 жылдың өніміне себілді.

       Жоғары  репродукциялы  тұқымдармен  себілген  егістік алқаптардың  үлесін  ұлғайту  үшін  бастапқы, элиталық  ауыл  шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемасы бақылауға алынып, сондай-ақ, әрбір шаруашылық құрылымында бастапқы, элиталық тұқым өсіретін  және көбейтетін алқаптары болуын, тұқымды көбейту арқылы өздеріне жеткілікті жоғары репродукциялы тұқым қорын жасап алуын шаруашылық құрылымдарының назарына жеткізіліп, қатаң бақылауға алынды.

 

Алакөл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің 2021 жылғы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат.
Дата публикации
20 января 2022