Алакөл ауданы елді мекен жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы

Қазақстан Республикасының  Жер кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының          1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Қоса беріліп отырған Алакөл ауданы елді мекен жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл аудандық мәслихаттың «Депутаттық өкілеттік, бюджет, экономика, заңдылықты сақтау, құқықытық қорғау және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.

3.Алакөл аудандық мәслихатының №3-5 "Алакөл ауданының елді мекендерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешімінің күші жойылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 01 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Алакөл аудандық

мәслихат хатшысы                                                            С.Р.Жабжанов

 

 

Дата публикации
13 октября 2021