2019 жылдың 12 айына мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша Ішкі бақылау анықтамасы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 11- бабының 12 - тармағына және 2016 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері бойынша Министрінің №78 бұйрығымен бекітілген, «Жергілікті атқарушы органдардың 2018 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шаралар жоспары туралы» 2018 жылғы 20 желтоқсандағы Алакөл ауданы әкімінің №63-Ө өкімі негізінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін, қала және ауыл округтерінің мемлекеттік мекемелерінде 12 айында 25 бақылау іс-шаралары жүргізілді.

1 тоқсанда 4 бақылау іс-шаралары жүргізілді, бұзушылықтар анықталмады.

  • «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
  • «Аудандық Жер қатынастары бөлімі»
  • «Тұрғын үй-коммуналдық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»
  • «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

2 тоқсанда 5 бақылау іс-шаралары жүргізілді, тексеріс барысында 2 бұзушылық анықталды:

  • «Аудандық білім бөлімі».
  • «Бескөл ауылдық округі әкімі аппараты»
  • «Қабанбай ауылдық округі әкімі аппараты»
  • «Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі».
  • «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» 1) «Аудандық Білім бөлімі» ММ.

Стандарттарда көзделген нысан бойынша құжаттарды дұрыс қабылдамаған - 2 факт:

- Жетім балаға қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік қызметін алу үшін Д.Солтанбековтың 27.08.2018 жылы ұсынылған құжаттар топтамасында көрсетілетін қызметті алушының және (немесе), егер некеде тұрған болса, жұбайының табыс туралы мәліметтер болмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсетілген. Сондай-ақ, (он жасқа толған жағдайда) баланың (2002жылы туылған) пікірі алынбастан қызмет көрсетілген. Сонымен қатар Р.Алешованың 05.02.2019 жылғы өтініші бойынша баланың пікірі алынбастан(2004жылы туылған) қызмет көрсетілді. Қамқоршылық тағайындау кезінде Г.В.Коркилованың өтініші стандартқа сәйкес толтырылмаған.

3 тоқсанда 9 бақылау іс-шаралары жүргізілді, бұзушылықтар анықталмады.

  • « Үшарал қалалық округі әкімі аппараты»
  • «Алакөл аудандық ветеринария бөлімі»
  • «Теректі ауылдық округі әкімі аппараты» ММ
  • «Көлбай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ
  • «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ
  • «Үшбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ
  • «Спорт және денешынықтыру бөлімі» ММ
  • «Үшарал қалалық қазақ гимназиясы» ОМ
  • «Үшарал қалалық № 1» ОМ

4 тоқсанда 7 бақылау іс-шаралары жүргізілді, бұзушылықтар анықталмады.

  • «Үшарал қалалық № 2» ОМ
  • «Абай атындағы ОМ»
  • «М.Мыңбаев атындағы ОМ
  • «Талапкер ОМ»
  • «Бұлақты ОМ»
  • «Бескөл ауылдық ОМ»
  • «Қант зауыты ОМ»

Бұзушылықтарды жою бойынша барлық ұсынымдар орындалды. «Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік қызметтерін тиімді бағалау көрсеткішін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және күн сайын бақыланады.

Дата публикации
10 марта 2020