БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ!
Жұмыс ұлттық санақ кезеңінде!
Жұмыс мерзімі:
-НҰСҚАУШЫ-БАҚЫЛАУШЫ-45 күн (2021 жылдың 24 қыркүйегінен 7 қарашасына дейін);
- СҰХБАТ алушы- 30 күн Ұ2021ж.1-30 қазан аралығында
Еңбекақысы:
-НҰСҚАУШЫ-БАҚЫЛАУШЫ-125 000 теңге (45 күнде көрсетілген қызметтердің толық көлемімен), 11 жұмыс орны;
-СҰХБАТ алушы (ИНТЕРВЬЮЕР) -104 000 теңге (30 күнде көрсетілген қызметтердің толық көлемімен), 77 жұмыс орны.
Ұсынылатын қызметтер көлемінде қарай жұмыс кестесі еркін.
Қызмет көрсетуге келісімшарттар жасасуды Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының аумақтық департаменті жүзеге асырады.
Санақ қызметкерлеріне қойылатын талаптар:
-18 жастан жоғары;
-белсенді, жауапкершілігі мол, коммуникативті, жұмыс тәжірбиесі мен кәсіби білімге қойылатын талаптар жоқ, дербес компьютермен (планшеттер) жұмыс істеу дағдылары бар;
-үміткерлер вакцинациядан өтуі керек.
Анықтама үшін: халықты жұмыспен қамту орталығы- тел:2-47-30
Аудандық статистика бөлімі – тел: 2-10-19