2021 жылы барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беруі кезінде, барлығы 5 ескертпелер мен ұсыныстар, оның ішінде аудан әкімінің есебінде – 5 ескертпелер мен ұсыныстар айтылды.
2021 жылдың IІ- ші тоқсанына жоспарланған 3 ұсыныс – Ақтүбек ауылына клуб салу, Көктұма ауылының электр желісін жөндеу және Жыланды ауылының спорт алаңын жөндеу.
Ақтүбек ауылындағы 150 орындық ауылдық клуб құрылысына «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 576 млн. теңге қаражат қарастырылған. Қазіргі уақытта ашық конкурс қорытындысы бойынша «Алакөл-Асыл- Құрылыс» ЖШС мердігер мекеме болып анықталып, құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Көктұма ауылының электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту жұмыстарына 199, 8 млн. теңге қаражат бөлінген. Осы жұмыстар бойынша 2021 жылдың сәуір айында ашық конкурс ұйымдастырылған. Конкурс нәтижесі бойынша мердігер - «Алакөл-Асыл-Құрылыс» ЖШС анықталды. Алайда бүгінгі күнге жазылған шағымдарға байланысты конкурс нәтижесі қайта қаралуда.
Жыланды ауылындағы спорт алаңын күрделі жөндеу жұмыстарына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен 8,5 млн теңге қарастырылған. Ағымдағы жылдың ақпан айында мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс жариялянды. Қазіргі уақытта мердегер мекеме - «STI company» ЖШС құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, спорт алаңын 10 шілдеде қолданысқа берді.
Аудан әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулері кезінде айтылған азаматтардың ұсыныстары мен ескертпелерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы тоқсан сайын аудандық «Алакөл» газетіне және ресми сайтқа жариялануда.