Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауын және Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы 24 ауылдық округте түсіндіру мақсатында «Рухани керуен» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында ауыл тұрғындары арасында қоғамдық – саяси және этносаралық жағдайды зерделеу мақсатында 500 –ден астам тұрғындардан сауалнама алынды. Бүгінгі күнге алынған сауалнамалар бойынша қорытынды анықтама жүргізілуде.