Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігі мәжілісінің ХАТТАМАЛАРЫ

 ХАТТАМАСЫ  № 12

 

Үшарал қаласы                                                      23 желтоксан 2020 жыл

 

Қатысқан әкімдік мәжілісінің мүшелері:

Жақанбаев Ә.Ә

Қанағатов Д.О

Абдинов А.С

Қабаев А.М

Жабжанов С.Р

Сатыбалдиев Д.С

Оспанов Қ.М

Көкенова Ж.Т

Қатыспағандар: жоқ.

           Мәжіліске шақырылғандар: аудандық округ әкімдері, аудан ұйымдары, кәсірорындары, мекемелердің, бөлімдердің басшылары ZOOM бағдарламасы арқылы қатысты.

Барлығы: 82 адам

Төрағалық етуші: Жақанбаев Ә.Ә – аудан әкімі

 

КҮН ТӘРТІБІ:

        1 . Барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен есепті кездесу барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы.

Баяндамашы: Сатыбалдиев Д.С – аппарат басшысы

       Осы мәселелер бойынша аппарат басшысы Сатыбалдиев Д.С баяндама жасады.

Тыңдалды:

Аппарат басшысы  - Сатыбалдиев Д.С.

                  2020 жылы барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беруі кезінде, барлығы4 ескертпелер мен ұсыныстар, оның ішінде аудан әкімінің есебінде – 4ескертпелер мен ұсыныстар айтылды. 2020 жылдың І- ші тоқсанына жоспарланған іс- шаралар жоқ. Ағымдағы жылдың ІІ- ші тоқсанына 2 ұсыныс, ІІІ-ші тоқсанына 1 ұсыныс, ІV-ші тоқсанына 1 ұсыныс жоспарланған.

Атап айтсақ, ІІ- ші тоқсанға Ақши ауылын абаттандарыу, Лепсі ауылының Б.Римова және Ш.Уалиханов көшелерін орта жөндеуді аяқтау;

2020 жылдың ІІІ-ші тоқсанына Үшбұлақ ауылындағы Безродных атындағы орта мектебін күрделі жөндеу;

ІV-ші тоқсанына Қабанбай ауылдық ауруханасын күрделі жөндеу.

2020 жылдың ІІ- ші тоқсанына жоспарланған 2 ұсыныстың 2-і де орындалды. Атап айтсақ,Лепсі ауылының Б.Римова және Ш.Уалиханов көшелеріне жергілікті бюджеттен қарастырылған 55 0583,0 мың теңге қаражат көлеміне сәйкес  орта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Мердігер мекеме- «Алакөл жолдары» ЖШС-гі. Техникалық қадағалаушы- «УКС» ЖШС-гі.

Ақши ауылын абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 81,0 млн. теңге қаражат бөлінген. Мемлекеттік  сатып алу рәсімі өткізіліп,  жеңімпаз мердігер «Алакөл-Метспецстрой» ЖШС-мен келісім- шарт жасалды. Бүгінгі жұмыстар толығымен орындалды.

2020 жылдың ІІІ - ші тоқсанына жоспарланған 1 ұсыныстың 1-і орындалды. Атап айтсақ,Үшбұлақ  ауылының Безродных орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық  бюджеттен қарастырылған 679,2 мың теңге қаражат көлеміне сәйкес  күрделі  жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Мердігер мекеме- «АСК ауыл құрылысы » ЖШС-гі.Техникалық қадағалаушы- «УКС» ЖШС-гі.

2020 жылдың IV- ші тоқсанына жоспарланған 1 ұсыныстың 1-і орындалды. Атап айтсақ, Қабанбай ауылдық ауруханасын күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық  бюджеттен қарастырылған 710 млн. теңге қаражат көлеміне сәйкес  күрделі  жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме- «Мега Сервис» ЖШС-гі. Техникалық қадағалаушы-«МегалитыАлматы»ЖШС-гі.

Аудан әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулері кезінде айтылған азаматтардың ұсыныстары мен ескертпелерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы тоқсан сайын аудандық «Алакөл» газетіне және ресми сайтқа жарияланды.

           Төрағасы                                             Ә.Ә.Жақанбаев

      Хатшысы                                             А.К.Абсаликова

Дата публикации
24 июня 2021