Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, ұсынылып отырған есепте қызметтің жалпы – 3970 қызмет көрсетілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетудің баламалы түрінде көрсетілгендер саны (12.2) –114 қызмет, электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны (12.3) –2 012, Электрондық түрде ("электрондық үкімет" арқылы www.egov.kz, www.elicense. kz) – 802 қызмет, Мемлекеттік корпорация арқылы (ХҚКО) –1042 қызмет.
Қызметті көрсетуден бас тартылғандар І – тоқсанда –8.
Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат.
Аудан әкімі аппаратының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 101-ө өкімімен 2021 жылы мемлекеттік органдар, ведомствалық бағынысты ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау іс-шараларының жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілген. Есепті кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес 3 ішкі бақылау іс-шарасы жүргізілді.
Бақылау іс-шаралары объектілерінің саны – 3. 3 – мемлекеттік мекемелер. Ішкі бақылау іс-шаралары нәтижелеріне сәйкес заң бұзу фактілері анықталмады.
Мерзімдері бұзылған қызметтер орын алған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, әкімдікке қарасты бөлімдердің, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына жауапты мамандарымен Заңның, тізілімнің, қағиданың және осылардан туындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру бойынша 1 - тоқсанында 50 іс-шаралар (Zoom бағдарламасы арқылы НұрОтан, Қоғамдық кеңес отырыстары, Егов жаршысы т.б) ұйымдастырылды. Барлығы 5 986 адам қатысты.
Алакөл ауданы әкімі аппараты
мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық технологиялар
бөлімшесінің бас маманы М.Абылханова