Алакөл ауданы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына және олардың уақыты көрсетіліуін бақылауға қатысты АҚПАРАТ

Алакөл ауданы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсететін жергілікті атқарушы 99 мекемеде жұмыс атқарады (1-аудан әкімдігі, 24-ауылдық/қалалық округ, 9-бөлім, 44-мектеп, 19-балабақша, 1-сервистік әкімдік, 1-квазимемлекеттік ұйым).

Аталған мекемелерде қызмет алушылар үшін толық жағдай жасалғаны немесе жасалмағанын (мүмкіндігі шектеулі азаматттарға пандус, қоңырау түйме, көру қабілеті нашар адамдар үшін брайл тақтайшасы, шағым жәшігі, шағым кітапшасы және т.б.) бақылау мақсатында, қоғам белсенділерін тарта отырып, аудан әкімінің өкімімен талдау тобы және талдау тобымен атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілген.

Қазіргі таңда, аталған жоспарға сәйкес аудандық талдау тобы мемлекеттік қызметтер көрсететін  10 мекемеге (сәулет және қала құрылысы бөлімінде, жұмыспен қамту орталығында, жер қатынастары бөлімінде, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде және қалалық 6 мектепте) талдау, тексеру іс-шараларын ұйымдастырды (жоспарға сәйкес аталған жұмыс жалғасатын болады).

Талдау тобы жұмысының қорытындысына сәйкес, 10 мекемеге орын алған кемшіліктерді түзеу, жою бойынша 63 ұсыным жолданды. Бүгін күні аталған ұсынымдар толықтай 100% орындалды.

Сонымен қатар, аудандық деңгейде мелекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша ішкі бақылау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі күні, 7 мемлекеттік органға (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Бескөл, Лепсі, Қабанбай, Достық, Көлбай ауылдық округтеріне ) ішкі бақылау (тексеріс) жұмыстары жүргізілді.

Одан бөлек, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және қызметтердің уақатылы көрсетілуі бойынша жоспарға сәйкес аудандық «Қоғамдық кеңесте» және «Нұр Отан» филиалының саяси кеңесінде қаралады.

Бүгінгі күні, аудандық «Қоғамдық кеңесте» - 2 мекеменің (Қайнар ауылдық округінің, аудандық тұрғын үй коммугады шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің), «Нұр Отан» филиалының отырысында – 2 мекеменің (Достық, Ырғайты ауылдық округтерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтары қаралды.

 

 

 

 

Дата публикации
22 июня 2021