Алакөл ауданы әкімі Ә.Ә.Жақанбаевтың 2020 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2021 жылы қаңтар айындағы округтер тұрғындарымен кездесу өткізуге арналған есебінің тезистері

Бағдарламаның 1-ші бағыты бойынша 71 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға жіберілді.

2-ші бағыты бойынша 18 адамға 76,8 млн.теңгенің несиесі және 275 азаматқа 152,1 млн.теңге грант берілді. 

Бағдарламаның 3-ші бағыты аясында 1001 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына және қоғамдық жұмыс орындарына жіберілді.

Білім

Аудандағы  44 мектепте 13,4 мыңнан астам оқушы дәріс алуда.  1575 бала  19 балабақшада,  1050 бала 32 кіші орталықтарда тәрбиеленуде.

Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтылуы 100 процентті құрайды.

Жалпы білім беретін мектептердің барлығы компьютерлендірілген және кең жолақты интернетке қосылған.

Аудан бойынша 3 ауысымда және апатты жағдайда тұрған мектептер жоқ. Жалпы 44 мектептің 35 күрделі жөндеуден өткізілген, оның ішінде 2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен Қайнар және Безродных атындағы орта мектептерге күрделі жөндеу, 26 мектеп ішілік дәретханаға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында білім саласына еңбек етуге келген 32 маманға 8598 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы және 10 маманға 45551 мың теңге бюджеттік несие берілді.

 

Денсаулық сақтау

Ауданда 42 денсаулық сақтау мекемелерінде 113 дәрігерлер, 563 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасайды.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері денсаулық саласының материалдық техникалық базасы тұрақты дамыған. 2020 жылы 2 жедел-жәрдем және 1 жылжымалы диагностикалық медициналық автобус, 69 бірлік медициналық қондырғы сатып алынды.  

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында денсаулық саласына еңбек етуге келген 12 маманға 3245 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы және 6 маманға 25002 мың теңге бюджеттік несие берілді.

 

Мәдениет , спорт және туризм

Жыл басынан аудандағы барлық мәдениет үйлері мен клубтар 2020 жылға белгіленген жоспар бойынша халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

Ауданымызда балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына барлық мүмкіндіктер жасалған,  2 стадион, 191 спорт алаңдары мен спорт залдары жұмыс істейді. Аудандық балалар мен  жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 10  түрімен 1124 спортшы шынығады.

Туризмді дамыту – әлемдік бәсекелестік кеңістігіне кірудің бір мүмкіндігі.

Алакөл демалыс аймағында күніне 23366 туристке қызмет көрсететін 264 демалыс орындары жұмыс істейді.  2020 жылы өз қаражаттары есебінен 750 орынды 15 нысандар қолданысқа беріліп, аудан экономикасына 2,6 млрд.теңгенің инвестициясы тартылды.

Көл жағалауында 2020 жылы 798,5 мың адам демалып, 4 млрд. 790 млн. теңгенің ақылы туристік-сауықтыру қызметі көрсетілді.

Туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында өткен жылы Алакөл демалыс аймағында демалушыларға арналған саябақ және жағажай волейбол, футбол және үлкен теннис алаңы қолданысқа беріліп, Ақши ауылына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Құны 2 млрд. 469 млн. теңгеге орталықтандырылған ауыз су және 1 млрд. 821 млн.теңгеге кәріз тазарту құрылыстары, жалпы құны 6 млрд.теңгені құрайтын Алакөл көл жағалауының 13,5 шақырымын (оның ішінде Ақши ауылының 10,150 шақырым, Көктұма ауылының 3,4 шақырым) бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Қылмыс

Аудандық ішкі істер бөлімінің материалдық техникалық базасы жылдан жылға нығаюда.  Компьютерлік техника, оңтайлы және тұрақты байланыс жүйелерімен қамтылған.

Бөлім қылмыстың алдын алу және болдырмау жөнінде белгіленген жұмыстарды атқаруда. 2020 жылы ауданда 310 қылмыс тіркеліп, 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 29,2 процентке немесе 128 бірлікке азайды.

Дата публикации
15 марта 2021