Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» Заңының 8-бабының 1 және 5 тармақтарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ұйымдастыруға жауапты тұлға ретінде бөлімнің бас маманы Оразалинов Бекзат Есенгелдинович бекітілсін.
- 2021 жылдың сәуір айының 5-9 күндері аралығында «Алакөл ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізсін.
- Осы бұйрықтын қосымшасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылсын:
- бөлім қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2021 жылдың бірінші тоқсаны болып белгіленсін.
- Ішкі талдау аяқталған күні талдамалық анықтамасы Алакөл ауданыны әкімінің бірінші орынбасары Д.Қанағатовқа таныстырылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын өзіме қалдырамын.
Бөлім басшысы Е.Тұрғанов