Үшарал қаласы 2021 жылғы 23- сәуірі
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Алакөл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) басшысының 2021 жылғы 02-сәуіріндегі № 9-ө "Бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" бұйрығы негізінде жылғы 19 - 23 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдауға бөлім жұмысының 2021-жылдың I тоқсанындағы қамтылды.
«Алакөл аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» ММ өз жұмысын Алакөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 12-442 қаулысымен бекітілген Ережеге (әрі қарай –Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
Ережеге сәйкес Бөлімнің ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс жоспарлары мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қағидаларына сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:
БӨЛІМ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
- Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығының №1 қосымшасына сәйкес "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары" негізінде;
- "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 18404 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығы»;
- "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30наурыздағы №107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- "Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №4-4/305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 31 бұйрығы)»
- "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 34 бұйрығы»
- "Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-1/168 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 33 бұйрығы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы №65 бұйрығы "өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"»
- "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы»
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 бұйрығы
"Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ "ҚР Мемлекеттік қызмет туралы" заңы.
- "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңы
- ҚР Бюджет кодексі
- ҚР Салық кодексі
БӨЛІМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
2021 жылдың 1 сәуіріне аудан әкімімен бекітілген және ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен келісілген штаттық кестеге сәйкес. Бөлімнің жалпы штаттық саны – 10, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер – 7.
Бөлімдегі мемлекеттік қызметшілерді жиналыс барысында бөлім басшысы бөлімдегі бас мамандарды этикалық кодекспен таныстырды. Мемлекеттік қызметкерлермен этикалық кодексті бұзу анықталған жоқ.
ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы" заңына сәйкес. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар және ата-анасы бөлек аға – інілері мен апа - сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе Ері (зайыбы) атқаратын қызметке тікелей бағынысты мемлекеттік лауазымды атқара алмайды.
"ҚР Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР Заңының 51-бабын орындау үшін мемлекеттік қызметшіге, егер мүдделер қақтығысы болса, лауазымдық өкілеттігін жүзеге асыруға тыйым салынады. Бөлімде мүдделер қақтығысына жол жоқ.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 12-бабының 1-тармағына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, , осы заңның 13, 14 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, аталған адамдар өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттер жасауға уәкілеттік берілген адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.:
- мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
- жақын туыстарының, жұбайларының және жекжаттарының бірге қызмет етуіне (жұмысына) жол бермеу;
- мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында ресми таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау.
Сондай-ақ Заңның 12-бабының 3-тармағына сәйкес, осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға келісімін тиісті ұйымдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда тіркейді.
Бөлім басшысының орынбасары және бас мамандары мемлекеттік қызметке кіру кезінде қабылданған шектеулер мен тыйымдар туралы құжатқа қол қояды.
Бөлімде келісім шарт бойынша 01 сәуір 2021 жылдан 3 техникалық персонал жұмыс жасауда (мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайды).
2021 жылдың I тоқсанында «Алакөл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сатып алу жоспары бойынша 3525,00 мың теңге жұмсалды. Барлығы 13 келісім шарт жасалып, оның:
Қазақстан республикасының «Мемлекеттік сатып алу»Заңының 5-бабының 4 тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгертулер мен толықтырулар айына бір рет енгізіледі.Барлық келісім шарттар қол қойылып орындалады. Ішкі талдау нәтижесінде өткізілген мемлекеттік сатып алуда әлеуетті өнім берушілердің арасында мемлекеттік мекеменің басшысының туған-туыстары, жұбайы немесе жақтастары болған жоқ. Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы.
Ұсынылады: Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы.
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес бөлімдегі мемлекеттік қызметтердің 4 түрін көрсетеді:
1) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру, 2021-жылдың І тоқсанында 5 жеке тұлғаға қызмет көрсетілді.
2) Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда олардың тіркемелерінің өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы мелиоративтік және жол - құрылыс машиналары мен механизмдерінің сондай - ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуден өткізу, 43 заңды және жеке тұлғаға қызмет көрсетілді.
3) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу, 5 жеке тұлғаға қызмет көрсетілді.
4) Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға кепілін тіркеу, 5 заңды және жеке тұлғаға қызмет көрсетілді.
1) Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау;
2) Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау;
3) Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау;
4) Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау);
5) Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау;
6) Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау;
7) Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау;
Аталған мемлекеттік қызмет түрлерінің нәтижелері облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы мемлекеттік қызмет алушыларының порталдағы жеке кабинеті арқылы хабарланады.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Жоғарыда баяндалғанның негізінде бөлім басшысына ұсынамыз:
1) "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ басқарма қызметкерлері арасында өтініштерді қарау мәселелері бойынша семинар өткізу;
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері электрондық портал жүйесі арқылы жүзеге асырылатыны жайлы ақпараттарды бұқаралық ақпарат (әлеуметтік желілер, т.б.) құралдары арқылы шаруашылық құрлымдарына жариялау.
3) Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 1 ай ішінде ұсынымдардың орындалуы бойынша мониторинг жүзеге асырылсын.
Жұмыс тобының мүшелері:
Д.Байбазарова
Д.Арабай
Е.Қанашұлы
Е.Исалдаев
М.Адиков
А.Есенбеков
Таныстым:
Аудандық ауылшаруашылығы
бөлімінің басшысы Қ.Жұбаев