«Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде 2021 жылдың І тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АҚПАРАТ

Үшарал қаласы                                                       2021 жылғы 19 сәуір

 

         Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының  8-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына, Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының 2021 жылғы 02 сәуірдегі № 22-Ө санды бұйрығының негізінде, жұмыс тобын құрып, 2021 жылдың 12-16 сәуір аралығында, бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі – 2021 жылдың І тоқсаны.

         Бөлім өз жұмысын Алакөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы  № 12-442 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

         Аудандық бөлімнің миссиясы халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, ішкі талдау келесі бағыттарда жүргізілді:  

 

  1. Бөлім қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

1.1.  Бөлім өз қызметінде басшылыққа алады:

-  «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы            № 434-V Қазақстан Республикасының Заңы;

-  «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  17 шілдедегі Заңы;

- «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Қазақстан Республикасының Заңы;

-«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығы, 2020 жылғы 5 қаңтардағы № 3 бұйрығы.

-«Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 320 бұйрығы, 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығы;

-«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 320 бұйрығы, 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығы.

 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген:

         -«Мүгедек-балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

         -«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 

-«Жергілікті өкілді органдардың шешімімен азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

- «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың зардабын шеккендерге біржолғы мемлекеттік ақшалай төлем, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

-«Протез-ортопедиялық көмектерді ұсынуға мүгедектердің құжаттарын рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

-«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 

-«1-ші топ мүгедектеріне жеке көмекші  және ымдау тілі маманының қызметін ұсыну үшін құжаттарын рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

-«Мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

-«Мүгедектерді шипажайларға жолдамамен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

-«Тұрғын үй көмегін тағайындау»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

         Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен бекітілген:

-«Арнаулы әлеуметтік қызметтерді үйде ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 

-«Арнаулы медициналық-әлеуметтік мекемелерге орналастыру үшін құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттар мен қолданыстағы Заңдар арасында қарама-қайшылықтар орын алмаған, сәйкестендірілген.

Жоғарыда көрсетілген заңдар негізінде жұмыс жоспары құрылып, міндетті және мақсатты жұмыстар атқарылады. Келіп түскен хаттарға заңда көрсетілген мерзімде жауаптар қайтарылады. Аталған  заңдардың   баптары  мен  тармақтарына  сәйкес тиісті ескертулер мен шаралар қолданылып жұмыстар атқарылады.

 

 

1.2.  Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелі (қақтығыстары, олқылықтар, дискрециялық нормалары т.б.)

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ережесін  зерделеу нәтижесінде бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету  бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады.  Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

 

2.Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты:

 

  • Персоналды басқарудың, оның ішінде мамандардың ауысымдылығы

 

2021 жылғы аудандық бөлімнің штаттық кестесіне сәйкес, жалпы штаттық бірлік – 43, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер -6 бірлік, 2- бөлімше меңгерушісі, 32 әлеуметтік қызметкер, 1-кеңесші маман және 2 техникалық қызмет көрсететін персонал.

Бөлімде 2020 жылдың 1 тамызынан келісім шарт бойынша 1 техникалық қызмет көрсетуші (есепші) қызметкер алынды.

2021 жылдың І тоқсанында таза ауысымдылық: бөлім бойынша жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлер жоқ. 2 мемлекеттік қызметкер бала күтіміне байланысты демалыста.

Өткен жылғы талдауларда бөлімнің 2 қызметкері біліктілігін арттыру курстарына оқуға жіберу туралы ұсыныс енгізілген болатын. Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында 2 мемлекеттік қызметкер онлайн біліктілігін арттыру курсына қатысады деп жоспарлануда.

2021 жылдың 1 тоқсанында тәртіптік жаза жарияланған мемлекеттік қызметкерлер жоқ.

Осы уақыт аралығында бөлім қызметкерлеріне 2021 жылдың қаржыландыру жоспары бойынша «Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-н ұстауға қарастырылған, үнемделген қаржы есебінен 2021 жылдың наурыз айында 555,2 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.

Ұсыныс: Бөлімге жаңадан келген мамандарды көрсетілетін қызметті жүзеге асыруда қолданылатын заңдарды жетік меңгеру бойынша біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарына жіберу бойынша жұмыстар атқарылсын.

 

2.2.Мүдделер қақтығысын реттеу

 

Бөлім қызметкерлерінің арасында жақын туыстығы бар мемлекеттік қызметкерлер жоқ. Мекеменің қызметкерлерімен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тиымдарды бұзу актілері анықталған жоқ.  Талдау жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметтен жұмыстан шығару, қызметі немесе төмендету фактілері болған жоқ. Қызметкерлері арасында мүдделік таластар мен даулар тіркелген жоқ. «Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша мүдделер қақтығысы, басшымен аффилирленген бөлім қызметкерлерінің болуы фактісі анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

2.3.Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

 

«Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 14 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік мекемеде қағаз жүзінде және «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы» арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Аудандық бөлім бойынша ақпараттық жүйелер арқылы барлығы 543 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде: мүгедек балаларды үйде оқыту -60, жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша әлеуметтік көмек- 139, протез-ортопедиялық көмектерді ұсынуға мүгедектердің құжаттарын рәсімдеу -76, мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету - 109,  1-ші топ мүгедектеріне жеке көмекші  және ымдау тілі маманының қызметін ұсыну үшін құжаттарын рәсімдеу  -124, мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету- 13, мүгедектерді шипажайларға жолдамамен қамтамасыз ету- 15, арнаулы әлеуметтік қызметтерді үйде ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу - 7.

Талдау кезінде мекеме орналасқан ғимаратта мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары екі тілде ақпарат тақтайшасында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсетулерде кеткен кемшіліктер мен ескертулер болған жоқ.

         Аудандық бөлімде мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға  қызмет көрсету бөлмесі қарастырылған, арнайы белгілер ілінген.

Ұсыныс: Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуына жағдай жасау мақсатында цифрлық сауаттылығын арттыру үшін мемлекеттік қызмет алуға жүгінген азаматтармен «Е-gov» арқылы қызмет алу бойынша оқуларды тұрақты түрде өткізу.

2.4. Мемлекеттік сатып алу бойынша

2021 жылдың І тоқсанында «Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша 67610,5  мың теңге жұмсалды.  Барлығы 16 келісім шарт жасалып, оның:

-5 келісім шарты баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;

- 11 келісім шарты тікелей жасасу бір көзден алу тәсілімен жасалды. 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңының 5-бабының 4 тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгертулер мен толықтырулар айына бір рет енгізіледі.

Барлық келісім шарттар қол қойылып орындалды.

Ішкі талдау нәтижесінде өткізілген мемлекеттік сатып алуда әлеуетті өнім берушілердің арасында мемлекеттік мекеменің басшысының туған-туыстары, жұбайы немесе жақтастары болған жоқ.

Ұсыныс: Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы, мемлекеттік сатып алу туралы жасалған әрбір шарт бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актілерін ведомстволық сайтқа уақытылы орналастыру жұмыстарын жалғастыру.

 

  • Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Бөлімде рұқсат беру функциялары көрсетілмейді.

  • Бақылау функцияларын іске асыру

Бөлімде бақылау функциялары көрсетілмейді.

 

  1. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері бойынша 2020 жылдың 24-28 тамыз айы аралығында «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ мамандарымен бөлім бойынша мүгедектерге әзірленген оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігінің орындалуы бойынша бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді.  Қорытындысында мүгедектердің жеке  оңалтудың бағдарламасына сәйкес оңалту шараларын орындауды жүзеге асыратын субъектілерге (ұйымдарға) қатысты мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бойынша анықталған кемшіліктер жойылды. Профилактикалық бақылау барысында шаралар қолданылған жоқ.

Бөлімге келіп түскен  жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, прокурорлық қадағалау актілері, сот актілері тіркелген жоқ.

 

Қорытынды:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін ішкі талдау нәтижелерін ескере отырып, «Алакөл  ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің қызметін, қызметкерлерді басқару, мүдде жанжалы, бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру, реттейтін заңнаманы талдау бойынша, тағы да басқалары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелділігі ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет бағытында анықталған жоқ. 

 

Ұсыныс:

  1. Біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарына уақыты келген және жаңадан жұмысқа орналасқан мамандарды оқуға жіберу бойынша жұмыстар атқару;

2.Әдістемелік және практикалық көмектер көрсетуге ерекше бақылауға алу;

3.Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы сақтай отырып, сайтқа жариялау бойынша жұмыстар атқаруды жалғастыру;

4.Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуына жағдай жасау мақсатында цифрлық сауаттылығын арттыру үшін мемлекеттік қызмет алуға жүгінген азаматтармен «Е-gov» арқылы қызмет алу бойынша оқуларды тұрақты түрде өткізу.

 

 

Жұмыс тобының мүшелері:                             Р.Аскарбекова

                                                                            Ә.Мирасыл

                                                                      Ж.Сатыбалдина

                                                                      Г.Нұрмұхамбетова

                                                                      Н.Елікбаева

                                                                            А.Есенбеков

 

Таныстым:

Аудандық бөлім басшысы                                А.Садирбекова

 

 

 

 

Дата публикации
18 мая 2021