Алакөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 81-1 «Алакөл ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 104-бабының 5-тармағы және 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі   басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының                    6-бабының 1-тармағыны   1) тармақшасына  сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 1. Алакөл аудандық мәслихатының «Алакөл ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 81-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5859 тіркелген, 2021 жылдың 13 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редақцияда баяндалсын:       

         «1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 13 771 208 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 2 013 872 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 3 920 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 49 775 мың теңге;

трансферттер түсімі 11 703 641 мың теңге;

2) шығындар 13 920 757 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 46 603 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 70 008 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 23 405 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 196 152 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)             196 152 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 70 008 мың теңге;

қарыздарды өтеу 23 817 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 149 961 теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл аудандық мәслихатының «Депутаттық өкілеттік, бюджет, экономика, заңдылықты сақтау, құқықтық қорғау және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешiм 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

шешіміне қосымша Алакөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 81-1 шешіміне 1 – қосымша
Дата публикации
18 мая 2021