«Алакөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

  БҰЙРЫҚ

 

2021 жылғы 02 сәуір                                                  Үшарал қаласы

              № 76

 

7-жылғы_____

____

____

«Алакөл ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі  талдау жүргізу туралы

 

  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының    8-бабының 5- тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  қызмет  істері  және сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу  үлгілік  қағидаларын сәйкес,  БҰЙРЫҚ ЕТЕМІН:

  1. 2021 жылдың 05-15 сәуір   аралығында  «Алакөл  ауданы  әкімінің  аппараты» ММ  қызметіндегі    сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі  талдау  жүргізілсін.
  2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне  ішкі  талдау  жүргізу  жөніндегі  жұмыс тобының  құрамы бекітілсін.
  3. Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдерін  ішкі  талдау  келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылсын:

1) мемлекеттік мекеменің қызметін  қозғайтын  нормативтік  құқықтық  актілерде сыбайлас жемқорлыққа  тәуекелдерін анықтау;

2) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық  қызметіндегі  сыбайлас  жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі  талдау  жүргізудің  жалпы  кезеңі 2020 жылдың   шілде  айынан 2021 жылдың  наурыз  айының  аралығы   болып белгіленсін.

5.Алакөл ауданы  әкімінің  орынбасары  М.Т.Төлеужановқа   ішкі  талдау  аяқталған күні талдамалық  анықтамасымен  таныстырылсын.

  1. Осы бұйрық орындалуын өз құзырымда қалдырамын.

 

 

                Аппарат  басшысының у.м.а                                       Б.Сүлейменов 

 

                                                                                                          

 

 

 

 

«Алакөл ауданы әкімі аппараты » мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
18 мая 2021