Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агентігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына, «Теректі ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі Е.Биекбаевтың 2021 жылдың 05 сәуірдегі №11 өкімінің негізінде, жұмыс тобын құрып, 2021 жылдың 05-09 сәуір аралығында, округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын «нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау», «ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыттары бойынша округ әкімі аппаратын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі – 2021 жылдың бірінші тоқсаны.
Округ әкімі аппараты өз қызметін жүзеге асыру кезінде басшылыққа алатын заңнамалар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы;
3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;
4) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы;
5) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 1 қаңтардағы Заңы;
6) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы;
1.1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелі заңнамасының қақтығыстары мен олқылықтары
Округ әкімі аппараты ережесін зерделеу нәтежесінде бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету мекеменің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары
мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.
2.1. Кадрлардың ауысуы
Округ әкімінің аппаратында 2021 жылы кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша округ әкімі аппаратында 12 штат бар. Бүгінгі күнге мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 6 адам, техникалық қызметкерлер 6 адам, теріс себептермен жұмыстан шығарылғандар жоқ. Талдау жасалған кезеңде мемлекеттік қызметке адам қабылданған жоқ. Жұмысқа қабылдаудың әрбір фактісі заңнамамен қарастырылған процедураға сәйкес жүргізіледі. «Теректі ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу актілері анықталған жоқ. Талдау жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметтен жұмыстан шығару немесе төмендету фактілері болған жоқ.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу
Қызметкерлері арасында мүдделік таластар мен даулар орын алған жоқ. Аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысы анықталмады, аппарат қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ.
2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету
Округ әкімі аппаратында 2021 жылдың І тоқсанындатұрғын үйлерінің жер телімін заңдастыру бойынша келіп түскен арыз шағым өтініштер саны 9. Оның ішінде жеке тұлғалардан түскен -9 өтініш, заңды тұлғалардан өтініш
түскен жоқ.Өтініштердің барлығы толығымен қанағаттандырылды. Заңды және жеке тұлғаның өтініштерін қарау мерзімдері ұзартылған жоқ. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мерзімдер мен қарастыру тәртібі қатаң сақталады.
Теректі ауылдық округі бойынша электрондық Үкімет портал арқылы 2021 жылдың Ітоқсаныбойынша округ тұрғындарына29 анықтама шығарылып
берілді. Оның ішінде: ЭЦҚ, диспансерлік есепте туратын туралы және соттылығы туралы анықтамалар.
Талдыбұлақ ауылынан Теректі орта мектебіне және кері оқушыларды тасымалдау бойынша жеке кәсіпкер ЖК «Кайрат» пен келісім шарт жасалып ай сайын 112 /бір жүз он екі/ мың теңге аударылып отыр.
Есептілік мерзімінде құжаттарды орындау мерзімін бұзуға жол берілмеген.
Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.
Округі әкімі аппараттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бағытында атқарылған жұмыстар туралы, өткізілген іс шаралар жөнінде мәліметтер баршаға қолжетімді үлгіде электрондық нұсқасы қазақша, орысша екі тілдегі мәтінде тоқсан сайын орналастырылып, мерзімінде өзектендіріліп, ақпараттар жаңартылып отыр.
2.4. Мемлекеттік сатып алу
Ауылдық округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ауылдық округ әкімі аппаратыАлакөл ауданының қаржы бөліміне бюджеттік қаражаттың жұмсалуы және орындалуы туралы тоқсандық есеп беріп отырады.
2021 жылғы қаржы жоспары 34 млн 531 мың, мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша 7 келісім шарт 27 млн 031 мың теңгеге жасалды. Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық «Теректі ауылындағы мәдениет және демалыс саябағын ағымдағы жөндеу» 7млн 500мың. бөлініп орындалды.
2021 жылғы бюджет 24 млн 725 мың тенгені құрады, қаражат 1 тоқсанға 1 млн 064 тыс. 923тенге 55 тиин. 22 келісім шарт жасалынды 5 млн. 237 мың 921 тенге 12 тиын орындалды.
3.1. Нормативтік - құқықтық актілері
Теректі ауылдық округі әкімі аппаратында 2021 жылдың бірінші тоқсанында ––8 шешім және – 37 өкім қабылданды. Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.
Әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.
3.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініші
Теректі ауылдық округ әкімі аппараты 2021 жылдың бірінші тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан 9 жазбаша өтініш келіп түсіп, толығымен қанағаттандырылды. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мерзімдер мен қарастыру тәртібі қатаң сақталады, жауаптары беріліп отырды. Есептілік мерзімінде құжаттарды орындау мерзімін бұзуға жол берілмеген. Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.
3.3. Бұқаралық ақпарат жариялымдары
Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін ішкі талдау нәтижелерін ескере отырып, Алакөл ауданы «Теректі ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызмет бағытында, қызметкерлерді басқару, мүдде жанжалы, бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру, реттейтін заңнаманы талдау бойынша, тағы да басқалары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелділігі анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы:
Жұмыс тобының жетекшісі А.Болатова
Жұмыс тобының мүшелері:
А.Кириченко
Д.Ахметова
Жетісу Адалдық алаңы мүшесі Ж.Аманкелдіұлы
Таныстым
Теректі ауылдық округінің әкімі Е.Биекбаев