Қазақстан республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Алакөл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ұйымдастыруға жауапты тұлға ретінде бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы Алпысбаева Гульмира Муратовна бекітілсін.
- 2021 жылдың 12 сәуір – 16 сәуір аралығында «Алакөл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылсын:
- орталықтың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне анықтау;
- орталықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2021 жылдың I-тоқсаны болып белгіленсін.
- Алакөл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Л.Қосантаева ішкі талдау аяқталған күні талдамалық анықтамамен таныстырылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын қадағалауды бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы Г.Алпысбаеваға қалдырамын.
Орталық директоры Л.Қосантаева