«Алакөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының    8-бабының 5- тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  қызмет  істері  және сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу  үлгілік  қағидаларына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Алакөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-і бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ұйымдастыруға жауапты тұлға ретінде бөлімнің бас маманы Хиаг Айгулге бекітілсін.
  2. 2021 жылдың 12-16 сәуір аралығында  «Алакөл  аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ  қызметіндегі    сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі  талдау  жүргізілсін.
  3. Осы бұйрықтың қосымшасына  сәйкес, сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне  ішкі  талдау  жүргізу  жөніндегі  жұмыс тобының  құрамы бекітілсін.
  4. Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдерін  ішкі  талдау  келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылсын:

1) бөлім  қызметін  қозғайтын  нормативтік  құқықтық  актілерде сыбайлас жемқорлыққа  тәуекелдерін анықтау;

2) бөлім  ұйымдастырушылық-басқарушылық  қызметіндегі  сыбайлас  жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі  талдау  жүргізудің  жалпы  кезеңі 2021 жылдың І тоқсан  болып белгіленсін.
  2. Алакөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы ішкі  талдау  аяқталған күні  талдамалық  анықтамасымен  таныстырылсын.

7.Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 4 а бұйрығының күші жойылсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Хиагқа жүктелсін.

Бөлім басшысы                                           Г.Жексембаева

 

«Алакөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
12 мая 2021