Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының 8 - бабының 5 - тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына, «Ырғайты ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі Д.Қ.Мұқабаевтың 2021 жылдың 02 сәуірдегі №19 санды өкімінің негізінде, жұмыс тобын құрып, 2021 жылдың 12-16 сәуір аралығында, округ қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау», «ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыттары бойынша округ әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі – 2021 жылдың I тоқсаны.
Ырғайты ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі ақпаратты талдау тұрғысынан ұйымдық, құқықтық және материалдық техникалық қызметін қамтамасыз етуін жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме. Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ округ әкімінің өкімімен бекітілетін Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
1.2. Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі – заңнамадағы олқылықтарымен қақтығыстары.
Округ әкiмi аппараты ережесін зерделеу нәтижесінде бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету мекеменiң лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актiлердi өз еркiнше түсiндiруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. Дискрециялық өкiлеттiктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.
2.1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы.
«Ырғайты ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде бекітілген құрылымына сәйкес, штат бойынша – 13, оның ішінде: 6 - мемлекеттік қызметкер, бос орын (25.01.2021 жылдан бастап) – 1 (ауыл шаруашылық жөніндегі бас маман); 6 - еңбек шарты бойынша. Ырғайты ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің саны 2021 жылдың I тоқсанның аяғына дейін нақты жұмыс істейтін – 12 қызметкер, теріс себептермен жұмыстан шығарылған жоқ. Мерзімінен бұрын алынған тәртіптік жазалар жоқ. Теріс себептермен жұмыстан босатылғандар болған жоқ. Жұмысқа қабылдаудың әрбір фактісі заңнамамен қарастырылған процедураға сәйкес жүргізіледі. «Ырғайты ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тиымдарды бұзу актілері анықталған жоқ. Талдау жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметтен жұмыстан шығару, қызметі немесе төмендету фактілері болған жоқ.
2.2 Мүдделер қақтығысын реттеу
Аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысы, басшымен аффилиірленген аппарат қызметкерлерінің болуы фактісі анықталған жоқ, аппарат қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай - ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларда бұзушылықтар анықталған жоқ.
2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету
Ырғайты ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетудің 4 түрі бар. Оның ішінде: өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер телімінің заңдастыруы немесе жер телімін бекітіп беру туралы, шаруашылық кітабі негізінде анықтама беру, E-GOV желісі арқылы қызмет көрсету және әлеуметтік сала бойынша. Атап айтқанда 2021 жылдың I тоқсанында шаруашылық кітабынан 53 анықтама, E-GOV желісі арқылы 146 қызмет, өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер қатынастары бойынша 11 адам қабылданып қызмет корсетілді.
Ұсыныс: Сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілік деңгейін арттыру, мемлекеттік қызмет стандарты мен регламентін оқып үйрену, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін арттыру мақсатында тұрақты түрде оқу жүйесін жүзеге асыру қажет.
2.4. Мемлекеттік сатып алу
Ырғайты ауылдық округіне бекітілген бюджет 2021 жылы – 74 342 000 тг, 3 (үш) айлықта белгіленген қаражат толығымен игерілді. 2021 жылдың I жарты жылына 19 393 000 тг бекітіліп, 26 келісім шарт жасалды.
Оның ішінде: Қызмет – 2 044 632.77 тг;
Тауар сатып алу – 474 176 тг;
Жұмыстар – 4 292 500 тг.
2021 жылдың I жарты жылдың қаражатының орындалуы бойынша ашық бюджет порталына қорытынды есеп жіберілді.
Ұсыныс: жоқ.
3.1 Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер.
Ырғайты ауылдық округі әкімі аппаратында 2021 жылдың I тоқсанында – 7 шешім және басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша – 16 өкім қабылданды. Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ. Әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.
3.2. Мемлекеттік мекемеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
Ырғайты ауылдық округі әкімінің аппараты 2021 жылдың I тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан жазбаша – 10 өтініш, e-license порталы арқылы- 1 өтініш қабылданды. 9 өтініш – қанағаттандырылды, 1 өтініш – жер комиссиясының теріс қорытындысы негізінде қанағаттандырылмады.
Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.
Ұсыныс: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бағытында мемлекеттік қызметкерлердің атқарған жұмыстарының нәтижесінің негізінде көтермелеулер қол дану.
3.3. Бұқаралық ақпарат жариялымдары
Бұқаралық ақпарат құралдарына аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.
«Ырғайты ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін, қызметкерлерді басқару, мүдде жанжалы, бақылау – қадағалау функцияларын іске асыру, реттейтін заңнаманы талдау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелділігі ұйымдастырушылық - басқарушылық қызмет бағытында анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы:
Серікболқызы М.
Қәбдікәрімов М.М.
Қайрбекова Н.К.
Қалдыбаев Ж. Есенбеков А.А.
Таныстым:
Ырғайты ауылдық
округінің әкімі Д.Қ.Мұқабаев