Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- 2021 жылдың 29-30 сәуір аралығында «Алакөл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылсын.
1) бөлім қызметі қозғайтын нормативтық құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2021 жылдың 1 тоқсанында (қаңтар, ақпан, наурыз айлары) болып белгіленсін.
- Алакөл ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы ішкі талдау аяқталған күні талдамалық анықтамамен таныстырылсын.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 10 бұйрығының күші жойылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын М.Ж.Торебековқа жүктеймін.
Бөлім басшысы Д.Б.Оспанов