Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агентігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына, «Қызылащы ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі Т.Мамановтың 2021 жылдың 02 сәуірдегі № 25 санды өкімінің негізінде, жұмыс тобын құрып, 2021 жылдың 05-09 сәуір аралығында, округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау», «ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыттары бойынша округ әкімі аппаратын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі – 2021 жылдың бірінші тоқсаны.
Округ әкімі аппараты өз қызметін жүзеге асыру кезінде басшылыққа алатын заңнамалар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы;
3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;
4)«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы;
5) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 1 қаңтардағы Заңы;
6) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы;
2.1. Кадрлардың ауысуы
Округ әкімінің аппаратында 2021 жылы кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша округ әкімі аппаратында 11 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 5 адам, техникалық қызметкерлер 6 адам, теріс себептермен жұмыстан шығарылғандар жоқ. Талдау жасалған кезеңде мемлекеттік қызметке адам қабылданған жоқ. Жұмысқа қабылдаудың әрбір фактісі заңнамамен қарастырылған процедураға сәйкес жүргізіледі. «Қызылащы ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу актілері анықталған жоқ. Талдау жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметтен жұмыстан шығару, қызметі немесе төмендету фактілері болған жоқ.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу
Қызметкерлері арасында мүдделік таластар мен даулар орын алған жоқ. Аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысы анықталмады, аппарат қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ.
2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету
Қызылащы ауылдық округі әкімі аппаратына мемлекеттік қызмет көрсетудің 4 түрі бар: оның ішінде: өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер телімінің заңдастыру немесе жер телімін бекітіп беру туралы, Шаруашылық кітабі негізінде анықтама беру, E-GOV желісі арқылы қызмет көрсету және әлеуметтік сала бойынша. Атап айтқанда 2021 жылдың бірінші тоқсанында шаруашылық кітабынан 35 анықтама, E-GOV желісі арқылы 80 қызмет, жер қатынастары саласы бойынша 3 қызмет және әлеуметтік сала бойынша 3 адам қабылданып қызмет көрсетілді.
2.4. Мемлекеттік сатып алу.
2021 жылғы бюджет 25 млн 104 мың тенгені құрады, қаражат 1 тоқсанға 9 млн 176 мың тенгеге игерілді. 20 келісім шарт жасалынды.
3.1. Нормативтік - құқықтық актілері
Қызылащы ауылдық округі әкімі аппаратында 2021 жылдың бірінші тоқсанында –– 3 шешім және – 23 өкім қабылданды. Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.
Әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.
3.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініші
Қызылащы ауылдық округ әкімі аппараты 2021 жылдың бірінші тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан 1 жазбаша өтініштер келіп түсіп қанағаттандырылды. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мерзімдер мен қарастыру тәртібі қатаң сақталады, жауаптары беріліп отырды. Есептілік мерзімінде құжаттарды орындау мерзімін бұзуға жол берілмеген. Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.
3.3. Бұқаралық ақпарат жариялымдары
Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін ішкі талдау нәтижелерін ескере отырып, Алакөл ауданы «Қызылащы ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызмет бағытында, қызметкерлерді басқару, мүдде жанжалы, бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру, реттейтін заңнаманы талдау бойынша, тағы да басқалары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелділігі анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы:
Жұмыс тобының жетекшісі: Д.А.Санкаев
Жұмыс тобының мүшелері: А.К.Асанова
К.К.Кабакаева
А.Торежанов
«Жетісу Адалдық алаңы» мүшесі А.Есенбеков
Таныстым:
Қызылащы ауылдық округінің әкімі: Т.А.Маманов