"Үшбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі 2021 жылдың Ітоқсанына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама.

«Үшбұлақ ауылдық округі  әкімі  аппараты» мемлекеттік  мекемесінің  сыбайлас жемқорлықтыңішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс – қимыл  туралы» Заңының 8- бабының 5- тармағына,   Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  қызмет істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс – қимыл  агенттігі  Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12  бұйрығына, Үшбұлақ ауылдық округінің әкімі Н.С.Кәрімовтың 2021 жылдың 02сәуіріндегі  №12өкімі  негізінде жұмыс тобын  құрып, 2021 жылдың сәуір айының 05 - 09 аралығында  "Үшбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты"  мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау», ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыттары бойынша  округ әкімі аппаратында 2021 жылдың   Ітоқсанынасыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

 

1.«Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде

және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін

анықтау» бағыты бойыншатөмендегілер  зерделенді жұмыс барысында қолданылатын заңдар:

  • ҚР Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару заңы;
  • Мемлекеттік қызмет туралы;
  • Мемлекеттік сатып алу туралы;
  • Салық кодексі
  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы;
  • ҚР Жер кодексі туралы;
  • Әкімшілік рәсім туралы;
  • Еңбек кодексі туралы;
  • Мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидалары.

 

«Үшбұлақ  ауылдық округ  әкім аппараты» мемлекеттік  мекемесі    ақпараты   талдау  тұрғысынан  ұйымдық  құқықтық  және  материалдық  техникалық  қызметін қамтамасыз етуін жүзеге асыратын  мемлекеттік  мекеме.Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ аудан әкімінің  қаулысымен  бекітілетін Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

1.1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелі заңнамасының қақтығыстары мен олқылықтары

 

Округ әкімі аппараты  ережесін  зерделеу нәтежиесінде   бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету мекеменің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады.  Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

 

2.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2.1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы туралы

 

        «Үшбұлақ ауылдық округ  әкім аппараты» мемлекеттік  мекемесінде бекітілген құрылымына сәйкес,   штат бойынша -11, 5- мемлекеттік қызметкер; 6 -еңбек шарты бойынша (мемлекеттік қызметкер болып табылмайды).

2021 жылдың І тоқсаныныңаяғына дейін нақты жұмыс істейтін қызметкерлер саны– 11. Мемлекеттік қызметкерлікбос жұмыс орындар жоқ.

Үшбұлақ ауылдық округінің іс қағаздар жөніндегі бас маман Абдраимова Асия Дюсембековна 2021 жылдың 15-19 ақпан аралығында «Қоғам мен мемлекет арасындағы өзара әрекеттестіктің тиімді құралдары» атты мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарының бағдарламасына қатысты.

«Үшбұлақ ауылдық округ әкім  аппараты» мемлекеттік мекемесінің   қызметкерлерімен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тиымдарды бұзу актілері анықталған жоқ.  Талдау жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметтен жұмыстан шығару, қызметі немесе төмендету фактілері болған жоқ.

 

2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу

 

«Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша  аппарат қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, аппарат қызметкерлері орнықты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған. Қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері жоқ.

Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы»Заңын орындау барысында кемшіліктерге  жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу жәнежауапкершіліктерін күшейту.

2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы

         Округ  әкімі   аппаратына  мемлекеттік  қызмет  көрсетудің 4 түрі бар.  Оның ішінде:

  1. Өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер телімінің заңдастырунемесе жер телімін бекітіп беру  туралы
  2. Шаруашылық кітабі негізінде анықтама беру

3.Шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тасымалдау

4.E-GOV желісі арқылы қызмет көрсету және әлеуметтік сала бойынша

     Шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тасымалдау қызметі бойынша Кеңес ауылынан Үшбұлақ ауылындағы Безродных атындағы орта мектебіне 15 оқушы тасымалданады, 11 бала бірінші ауысыммен 4 бала екінші ауысыммен тасымалданады, 3 бала мектеп алды даярлыққа тасымалданады. Тасымалдаушы Үшбұлақ ауылдық округінің тұрғыны Ахметдолдин Дархан. Тасымалдау Аудандық білім бөлімі есебінен жүргізіледі. Шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тасымалдау қызметінқадағалаубойынша «Үшбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нен жауапты салық ісі жөніндегі бас маман Чаппаева Бакытжан Сериковна бекітілді.

«Үшбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де ашылған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бойынша Электронды үкімет порталы арқылы жеке тұлғаларға ЭЦҚ кілт ашу, Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама, Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру және тұрғындардың қажеттілігіне сәйкес өзгеде  анықтамалар беру қызметі жүзеге асырылды. Өзіне-өзі  қызмет  көрсету  бұрышы  бойынша  округ  тұрғындарына 88 анықтама  шығарылып  берілді.

 2021 жылдың бірінші тоқсанында шаруашылық кітабынан 13 анықтама берілді.

 Есептілік мерзімінде құжаттарды орындау мерзімін бұзуға жол берілмеген.

                             2.4.Мемлекеттік сатып алу туралы

Ауылдық округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ауылдық округ әкімі аппаратыАлакөл ауданының қаржы бөліміне бюджеттік қаражаттың жұмсалуы және орындалуы туралы тоқсандық есеп беріп отырады.

2021  жылғы жылдық қаржы  жоспары 21 млн 947 мың, мемлекеттік  сатып алу  жоспары  бойынша 20 келісім шарт3 млн 730 мың  теңгеге жасалынып, орындалуда.

Соның  ішінде:

1.Тікелей  шарт жасасу  жолымен  бір көзден  сатып  алу  тәсілі бойынша 2021 жылдың І тоқсанында -19 келісім шарт және баға ұсынысы бойынша -1 келісім шарт - 440мың 482 теңгеге  жасалыптолығымен орындалды.

 

  1. Мемлекеттікмекеменің ұйымдастырушылық басқарушылыққызметін туындайтын өзге де мәселелер

 

3.1. Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер

2021 жылдыңIтоқсанында қабылданған шешімдер - 5, жеке құрам өкімдері - 0, негізгі қызмет бойынша өкімдер - 1, өндірістік қызмет бойынша – 16 өкім. Осы жоғарыда көрсетілген нормативтік актілерді аудандық прокуратура қадағалау арқылы қателіктер анықталмады.Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.Әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.

3.2. Мемлекеттік мекемеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

2021 жылдың І тоқсанында тұрғын үйлерінің жер телімін  заңдастыру  бойынша  келіп түскен арыз шағым өтініштер саны - 4.  Оның ішінде жеке тұлғалардан түскен -4 өтініш. Өтініштердің барлығы толығымен қанағаттандырылды. Заңды  және жеке  тұлғаның   өтініштердің   қарау  мерзімдерін ұзартылған  жоқ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мерзімдер мен қарастыру тәртібі қатаң сақталады.

3.3. Бұқаралық ақпарат жариялымдары

        Округі әкімі аппараттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бағытында атқарылған жұмыстар туралы, өткізілген іс шаралар жөнінде мәліметтер баршаға қолжетімді үлгіде электрондық нұсқасы «Үшбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің әлеуметтік желілерінде қолжетімді  тілдегі мәтінде тоқсан сайын орналастырылып, мерзімінде өзектендіріліп, ақпараттар жаңартылып отыр.

 

Қорытынды бөлім:

       Сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін ішкі талдау нәтижелеріне сәйкес,       «Үшбұлақ  ауылдық  округі  әкімі  аппараты» мемлекеттік  мекемесінің қызметін, қызметкерлерді басқару, мүдде жанжалы, бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру, реттейтін заңнаманы талдау бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет бағытында сыбайлас жемқорлық тәуекелділігі анықталған жоқ. 

 

           Жұмыс  тобының мүшелері                                                   А.Жазылбекова

                                                                                                               Д.Адильбеков

                                                                                                                                Б.Чаппаева

          Ардагерлер кеңесінің төрағасы

          жұмыс тобының мүшесі                                                             Ә.Төреханов                                                                                 

 

           Жетісу «Адалдық алаңы» жобасы

           аясында парасат жолының ашылуына

           жауапты маман                                                                   А.А.Есенбеков

 

             Таныстым

           Үшбұлақ  ауылдық округінің әкімі                                          Н.С.Кәрімов

 

Дата публикации
12 мая 2021