«Алакөл ауданының Жайпақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі 2021 жылдың І -тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс – қимыл  туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  қызмет істер  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс – қимыл  агентігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына, Жайпақ ауылдық округі  әкімінің  әкімі Е.Табеевтың  2021 жылдың 05 сәуір №19 ө  өкімі  негізінде жұмыс тобын  құрып, 2021 жылдың 6-12 сәуір айының күндер  аралығында, "Алакөл ауданының Жайпақ ауылдық округі әкімінің аппараты"  мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша Жайпақ ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі  талдау  жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі – 2021 жылдың бірінші тоқсаны.

 

  1.«Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша төмендегілер зерделенді,  жұмыс барысында қолданатын заңдар:

1)   Қазақстан Республикасының Конституциясы.

2) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы;

3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;

4) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы;

 5) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 1 қаңтардағы Заңы;

 6) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы;

  

«Алакөл ауданының Жайпақ ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі   ақпаратты  талдау  тұрғысынан  ұйымдық  құқықтық  және материалдық  техникалық  қамтамасыз етуін жүзеге асыратын  мемлекеттік мекеме. Қазақстан    Республикасының Конститутциясына  және            заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің              актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ аудан әкімінің  қаулысымен  бекітілетін Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

   1.2. Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі- заңнамадағы  олқылықтары  мен  қақтығыстары

 

Округ әкімі аппараты  ережесін  зерделеу нәтижесінде бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету мекеменің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары    мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады.  Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың   болуы   анықталған   жоқ.

 

  1. Мемлекеттік мекемедегі ұйымдастырушылық-басқарушылық  қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау туралы бағыты.

 

           2.1. Кадрлардың  ауысуымдылығы

 

      «Алакөл ауданының Жайпақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде  бекітілген құрылымына сәйкес, штат бойынша -11, оның ішінде: 5-мемлекеттік қызметкер, 6-еңбек шарты бойынша (мемлекеттік қызметкер болып  табылмайды).  2021 жылдың  І- тоқсанында  Г.Исаева бала күтіміндегі демалыстан жұмысқа шығуына байланысты, көшіру көбейту операторы Қ.Апсеитов  өз өтініші бойынша жұмыстан босатылды. Мемлекеттік  қызметкерлердің бос жұмыс орындары жоқ.  «Алакөл ауданының  Жайпақ  ауылдық округі  әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тиымдарды бұзу актілері анықталған жоқ. Талдау жүргізу кезеңінде  мемлекеттік қызметтен жұмыстан шығару, қызметі  немесе төмендету  фактілері  болған жоқ.

Жайпақ ауылдық округ әкімі аппараты мамандары  2021 жылдың І- тоқсанында біліктілігін арттыру   курсынан  өткен жоқ.

 

            2.2.  Мүдделі   қақтығысын    реттеу

         Қызметкерлері арасында мүдделік таластар мен даулар анықталған жоқ.                                    «Округ әкімі аппаратының    қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша аппарат қызметкерлерінің  мүдделер  шиеленісі, теріс түсінік  деректері  анықталған жоқ,  аппарат қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

 

            2.3  Мемлекеттік қызмет көрсету

 

Округ әкімі  аппараты мемлекеттік қызмет көрсетудің 6 түрі бар.

Оның ішінде:

- жер учскесін алу үшін кезекке қою-0;

- жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-0;

- жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;

- елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;

- шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау;

- сауда- саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.  

           - Жайпақ ауылдық округі бойынша электрондық Үкімет портал  /Egov.kz/  арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер-125;

 

 

            2.4   Мемлекеттік сатып алу 

 

        Ауылдық округте бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі  ақпараттың ашықтығын қамтамасыз  ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметкерлерді  мемлекеттік  сатып  алу  рәсімдерін  өткізу  бойынша, заңға  сәйкес  жылдық  жоспар  бекітіліп, электрондық  вебпорталда  жарияланады. Осыған орай  барлық  мемлекеттік  сатып алулар, бекітілген   жылдық  жоспарға сәйкес  жүзеге асырылады. Ауылдық округ әкімі аппараты   Алакөл   ауданының қаржы бөліміне  бюджеттік  қаражаттың  жұмсалуы  және  орындалуы  туралы  тоқсандық есеп  беріп  отырады.

    Мемлекеттік сатып алу  бойынша  2021 жылдың І тоқсанында    барлығы  68 190 56 тенгеге  35 келісім  шарт   жасалынып, уақтылы  мемлекеттік  сатып  алу  порталына  енгізілді. Бір көзден  сатып  алу  және бағалы  ұсыныстарға  сұраным  келісім  шарттары  бойынша  ешқандай  құқық  бұзушылық  тіркелген   жоқ.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық  басқарушылық қызметін  туындайтын өзге де мәселелер

 

   3.1 Мемлекеттік  мекеменің  қызметін қозғайтын нормативтік  құқықтық  актілер

 

   2021 жылдың  І тоқсанында   қабылданған шешімдер – 2,                        негізгі құрам өкімдері -1,  өндірістік  өкімдер-18.

Осы жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілер сот және прокуратура қадағалау арқылы күші жойылған актілер жоқ.

 

   3.2 Мемлекеттік  мекемеге  келіп  түскен  жеке  және  заңды   тұлғалардың  өтініштері

 

   Округ әкімі аппаратында 2021 жылдың  І-тоқсанында  1 жазбаша жер мәселесі бойынша өтініш, 1 адам  округ әкімінің қабылдауында ауызша  өтініші  бойынша  тіркелді. Өтініштердің қарау мерзімдері  ұзартылған жоқ. Өтініштер толығымен қанағаттандырылды. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заң  талабына сәйкес, өтініштердің мерзімінде орындалуы қатаң сақталады. Азаматтар мен  заңды  тұлғалардан  қолданыстағы  заңнаманы  бұзу   мәселелері  сыбайлас   жемқорлық   сипатындағы  әрекеттеріне  байланысты  өтініштер,   қызметкерлердің  әрекеттеріне  шағымдар  келіп  түскен  жоқ.

Округ әкімі аппараттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бағытында атқарылған жұмыстар, өткізілген іс шаралар жөнінде мәліметтер баршаға қолжетімді үлгіде электрондық нұсқада  тоқсан сайын орналастырылып, мерзімінде өзектендіріліп, ақпараттар жаңартылып отыр.

                                   

Қорытынды  бөлігі:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін ішкі талдау нәтижелерін есекере отырып, мемлекеттік мекеменің басшысына ұсынамыз.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңының талаптарын мемлекеттік қызметкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

 

 Жұмыс тобының  құрамы:                                           М.Сембаева

 

                                                                 Қ.Жұмашев

 

                                                                           С.Мухаметжанова

                                                                                                                  

                                                                                             А.Есенбеков

        

 Таныстым:

                                   

                              Округ әкімі                                        Е.Табеев   

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 мая 2021