Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агентігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына, «Еңбекші ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі Қ.С.Сағымбековтың 2021 жылдың 02 сәуірдегі №22 санды өкімінің негізінде, жұмыс тобын құрып, 2021 жылдың 05-09 сәуір аралығында, округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау», «Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыттары бойынша округ әкімі аппаратын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі – 2021 жылдың бірінші тоқсаны.
«Еңбекші ауылдық округ әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі ақпараты талдау тұрғысынан ұйымдық құқықтық және материалдық техникалық қызметін қамтамасыз етуін жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ аудан әкімінің қаулысымен бекітілетін Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
1.1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелі заңнамасының қақтығыстары мен олқылықтары
Округ әкімі аппараты ережесін зерделеу нәтежиесінде бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету мекеменің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.
2.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2.1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы туралы
«Еңбекші ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде бекітілген құрылымына сәйкес, штат бойынша -11, қызметкерлер саны –11 адамды құрайды, оның ішінде: 5- мемлекеттік қызметкер; 6 -еңбек шарты бойынша (мемлекеттік қызметкер болып табылмайды).
2021 жылдың І - тоқсанына дейін нақты жұмыс істейтін қызметкерлер саны– 11. Мемлекеттік қызметкерлік бос жұмыс орындар жоқ. Жұмысқа қабылдаудың әрбір фактісі заңнамамен қарастырылған процедураға сәйкес жүргізіледі. «Еңбекші ауылдық округ әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тиымдарды бұзу актілері анықталған жоқ. Талдау жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметтен жұмыстан шығару, қызметі немесе төмендету фактілері болған жоқ. 2021 жылдың І – тоқсаны бойынша Алакөл ауданының прокурор тарапынан 02.10.2020 жылғы № 2-0405-20-01933 хатына орай Сағымбеков Қуаныш Сағымбекұлы 10.03.2021 жылы ескерту түріндегі тәртіптік жаза берілді.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу
Қызметкерлер арасында мүдделік таластар мен даулар анықталған жоқ. Аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысы, аппарат қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы»Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.
2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы
Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратына мемлекеттік қызмет көрсетудің 4 түрі бар: оның ішінде: өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер телімінің заңдастыру немесе жер телімін бекітіп беру туралы, Шаруашылық кітабі негізінде анықтама беру, E-GOV желісі арқылы қызмет көрсету және әлеуметтік сала бойынша. Атап айтқанда 2021 жылдың І - тоқсанына шаруашылық кітабынан 18 анықтама, E-GOV желісі арқылы 34 қызмет, өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер қатынастары саласы бойынша 1 қызмет және әлеуметтік сала бойынша 1 адам қабылданып қызмет көрсетілді.
Ұсыныс:1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту мақсатында кәсіби біліктілік деңгейін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және көрсетілетін қызметі алушылардың қанағаттанушылық деңгейін арттыру мақсатында, мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де қатысушылармен өзара іс-қимылды тұрақты жүзеге асыру қажет.
2.4.Мемлекеттік сатып алу туралы
Ауылдық округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ауылдық округ әкімі аппараты Алакөл ауданының қаржы бөліміне бюджеттік қаражаттың жұмсалуы және орындалуы туралы тоқсандық есеп беріп отырады.
2021 жылғы қаржы жоспары 22 млн 539 мың теңге 1 тоқсанда орындалғаны 7398,4. Мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша 6460,6 теңгеге. 1 тоқсанда орындалғаны - 6 143,6 Оның ішінде бір көзден – 5962,8 теңге, Баға ұсынымы бойынша -180,8 теңгеге орындалды.
3.1 Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері
Еңбекші ауылдық округі әкімі нормативтік құқықтық сипаттағы - 2 шешім және әкімшілік басқарушылық , жедел және дербес сипаттағы мәселелер
бойынша - 20 өкім шығарылды. Аталған өкім-шешімдердің аудандық прокуратураға және Ақсу ауданаралық әділет басқармасына зерделеу мақсатында есебі беріліп отырды.
3.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініші
Округ әкімі аппаратында 2021 жылдың І - тоқсанына тұрғын үйлерінің жер телімін заңдастыру бойынша келіп түскен арыз шағым өтініштер саны 1. Оның ішінде жеке тұлғалардан түскен - 1 өтініш түскен. Өтініштердің барлығы толығымен қанағаттандырылды. Заңды және жеке тұлғаның өтініштерін қарау мерзімдерін ұзартылған жоқ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мерзімдер мен қарастыру тәртібі қатаң сақталады.
Ұсыныс: Түскен арыздармен өтініштерді, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына талабына сәйкес, мерзімінде орындалуын қатаң сақталсын.
Қорытынды бөлім:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін ішкі талдау нәтижелеріне сәйкес, «Еңбекші ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін, қызметкерлерді басқару, мүдде жанжалы, бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру, реттейтін заңнаманы талдау бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет бағытында сыбайлас жемқорлық тәуекелділігі анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы:
Жұмыс тобының жетекшісі: Р.А.Умирбеков
Жұмыс тобының мүшелері: Ж.О.Куленова
Ж.К.Абдилдаева
А.Ж.Бисаринов
Жетісу Адалдық алаңы мүшесі А.Есенбеков
Таныстым:
Еңбекші ауылдық округінің әкімі: Қ.С.Сағымбеков