«Алакөл ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына, Ақтүбек ауылдық округінің әкімі Қ.Тұрлыбековтың 2021 жылғы 02 сәуірдегі №18-Ө өкімі негізінде жұмыс тобы құрылып, 2021 жылдың 13-19 сәуір айы аралығында «Алакөл ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыттары бойынша 2021 жылдың І-тоқсанына округ әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
«Алакөл ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ақпаратты талдау тұрғысынан ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етуін жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме. Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ аудан әкімінің қаулысымен бекітілетін Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
1.2. Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері (коллизиялар, олқылықтар, дискрециялық нормалар және т. б.)
Округ әкімі аппараты ережесін зерделеу нәтижесінде бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету мекеменің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.
2.1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
«Алакөл ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бекітілген құрылымына сәйкес, штат бойынша – 10, қызметкерлер саны – 10 адамды құрайды, оның ішінде: 4 – мемлекеттік қызметкер, 6 – еңбек шарты бойынша (мемлекеттік қызметкер болып табылмайды).
2021 жылдың І-тоқсанының аяғына дейін нақты жұмыс істейтін қызметкерлер саны – 10. Мемлекеттік қызметкерлік бос жұмыс орындар жоқ. Жұмысқа қабылдаудың әрбір фактісі заңнамамен қарастырылған процедураға сәйкес жүргізіледі.
«Алакөл ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тиымдарды бұзу фактілері анықталған жоқ. Талдау жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметтен жұмыстан шығару немесе төмендету фактілері болған жоқ.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу туралы
«Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша аппарат қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, аппарат қызметкерлері орнықты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының ««Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шараларды жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.
2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы
Округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетудің 4 түрі бар.
Оның ішінде: өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер телімін заңдастыру немесе жер телімін бекітіп беру туралы, шаруашылық кітабі негізінде үзінділер беру, E-GOV желісі арқылы қызмет көрсету және әлеуметтік сала бойынша.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бойынша округ тұрғындарына ЭЦҚ кілттерін алу, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама беру, некеге тұру туралы өтінішті тіркеу туралы хабарлама, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы немесе тартылмағандығы туралы анықтама беру, диспансерлік есепте тұрғандығы немесе тұрмағандығы туралы анықтама беру, тұрғылықты жері бойынша есепке тіркеу бойынша 232 қызмет көрсетілді.
Есептілік мерзімінде құжаттарды орындау мерзімін бұзуға жол берілмеген. Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекеттеріне шағымдар келіп түспеген.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын мемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.
2.4. Мемлекеттік сатып алу
Ауылдық округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ауылдық округ әкімі аппараты Алакөл ауданының қаржы бөліміне бюджеттік қаражаттың жұмсалуы және орындалуы туралы тоқсандық есеп беріп отырады.
2021 жылғы қаржы жоспары 22 млн. 951 мың теңге. І-тоқсанда орындалғаны – 5 млн. 517 мың 797 теңге. Мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша 26 келісім-шарт 5 млн. 664 мың 700 теңгеге жасалды.
Оның ішінде:
3.1. Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері
2021 жылдың І-тоқсаны бойынша округ әкімі аппаратында 15 өкім шығарылған. Оның ішінде: негізгі қызмет бойынша 1 өкім, өндірістік қызмет бойынша 14 өкім. Сонымен қатар, 4 шешім қабылданған. Аталған өкім-шешімдердің есебі Ақсу ауданаралық әділет басқармасына зерделеу мақсатында беріліп отырады.
2021 жылдың І-тоқсаны бойынша прокурор тарапынан наразылық болмаған.
3.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
Округ әкімі аппаратында 2021 жылдың І-тоқсаны бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан жалпы саны 4 өтініш түсті. Оның ішінде жеке тұлғалардан 4 өтініш, заңды тұлғалардан түскен өтініштер болған жоқ. Аталған өтініштер толығымен қанағаттандырылды. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдері ұзартылған жоқ. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мерзімдер мен қарастыру тәртібі қатаң сақталған.
3.3. Бұқаралық ақпарат құралындағы жариялымдар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында 2021 жылдың І-тоқсаны бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін ішкі талдау нәтижелерін ескере отырып, мынадай қорытындыға келеміз.
«Алакөл ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін, қызметкерлерді басқару, мүдде жанжалы, бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру, реттейтін заңнаманы талдау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелділігі ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет бағытында анықталған жоқ. Жоғарыда көрсетілген заңдар негізінде жұмыстар атқарылып, жүргізілді. «Аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша мүдделер қақтығысы, басшымен аффилиирленген аппарат қызметкерлерінің болуы фактісі анықталған жоқ, аппарат қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ.
Жұмыс тобының мүшелері: Е.Калиев
Г.Абылғазықызы
Ж.Мухаметжанова
Б.Кашаганова
А.Есенбеков
Таныстым:
Ақтүбек ауылдық
|
округінің әкімі Қ.Тұрлыбеков |