Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016
жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ұйымдастыруға жауапты тұлға ретінде бөлімнің жетекші маманы Беккаримова Айман Сыйкуатқызына бекітілсін
- 2021 жылдың 5-і мен 9-ші сәуір аралығында «Алакөл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылсын:
- бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2021 жылдың 1 тоқсаны болып белгіленсін.
- Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлім басшысы ішкі талдау аяқталған күні талдамалық анықтамамен таныстырылсын.
- 2021 жылғы 27 қаңтардағы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамына өзгеріс енгізу туралы №3-ө бұйрығының күші жойылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бөлім басшасының орынбасары С.Абылхановқа жүктелсін.
Ж.Көкенова