Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына, «Алакөл ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі М.Сайдильдиновтың 2021 жылдың 02 сәуір №30/1 өкімі негізінде жұмыс тобын құрып, 2021 жылдың 05 – 09 сәуір айының күндер аралығында «Үшарал қалалық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесініңқызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау», мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың І тоқсаны бойынша басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыттары бойынша Үшарал қалалық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
«Үшарал қалалық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі - ақпараты талдау тұрғысынан ұйымдық, құқықтық және материалдық - техникалық қызметін қамтамасыз етуін жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме. Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша, Үшарал қалалық округі әкімі аппараты қызметкерлерінің өз қалаулары бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтар анықталған жоқ. Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы байқалмайды.
2.1Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
«Үшарал қалалық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бекітілген құрылымына сәйкес, штат бойынша - 13. Оның ішінде: 8 - мемлекеттік қызметкер; 5 - еңбек шарты бойынша (мемлекеттік қызметкер болып табылмайды). Теріс себептермен жұмыстан шығарылған жоқ. Жұмысқа қабылдаудың әрбір фактісі заңнамамен қарастырылған процедураға сәйкес жүргізілді. Әңгімелесуді жүргізу кезіндегі конкурстық комиссияның отырысы байқаушымен сарапшының қатысуымен жүргізілді. Сонымен қатар, «Үшарал қалалық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тиымдарды бұзу фактілері анықталған жоқ. Талдау жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметтен жұмыстан шығару, қызметі немесе төмендету фактілері болған жоқ.
«Үшарал қалалық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың І тоқсанындақала әкімінің орынбасары А.Абишев12-13 сәуір аралығында және қала әкімі М.Сайдильдинов 23-24 сәуір аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және тәуекелдер» атты тақырыбында біліктілігін арттыру семинарына онлайн түрінде өтті.
«Мекеменің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша аппарат қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиеленісі,теріс түсінік деректері анықталған жоқ. Аппарат қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппаратың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына
декларацияларды уақытында тапсырған. Қабылданған жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.
Қалалық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсетудің 6 түрі бар. Оның ішінде:
- жер учскесін алу үшін кезекке қою-58;
- жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-3;
- жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
- елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
- шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау;
- сауда- саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
-Үшарал қалалық округі бойынша электрондық Үкімет портал /Egov.kz/ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер-195;
2.4 Мемлекеттік сатып алу
«Үшарал қалалық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізі бойынша, заңға сйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб- порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. «Үшарал қалалық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Алакөл ауданының қаржы бөлімінен бюджеттік қаражаттың жұмсалуы және орындалуы туралы тоқсандық есеп беріп отырады.
2021 жылғы қаржы жоспары 188 млн 403 мың, орындалғаны – 68 млн 913 мың теңгеге жасалып. 68 млн 913 мың теңге толығымен орындалды.
Оның ішінде:
3.1 Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер.
2021 жылдың І тоқсанында қабылданған шешімдер -32, жеке құрам өкімдері -1, негізгі құрам өкімдері- 4, өндірістік өкімдер-27.
Осы жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілер сот және прокуратура қадағалау арқылы күші жойылған актілер жоқ.
3.2. Мемлекеттік мекемеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
«Үшарал қалалық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2021 жылдың І тоқсанында келіп түскен арыз-шағым, өтініштер саны барлығы 126. Оның ішінде жеке тұлғалардан 124 өтініш; заңды тұлғалардан 2 өтініш. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мерзімдер мен қарастыру тәртібі қатаң сақталады. Есептілік мерзімінде құжаттарды орындау мерзімін бұзуға жол берілмеген.
Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына талаптарын орындау жөнінде мемлекеттік қызметкерге дөңгелек стол ұйымдастыру.
4.Қорытынды бөлігі:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін ішкі талдау нәтижелерін есекере отырып, мемлекеттік мекеменің басшысына ұсынамыз.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңының талаптарын мемлекеттік қызметкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.
Жұмыс тобының мүшелері: А.Б.Абишев
А.А.Оразгалиев
П.А.Кожабеков
Б.М.Тананов
Таныстым:
Үшарал қалалық округінің әкімі М.О.Сайдильдинов